Page 120 - index Bapaeva
P. 120

6) жасөспірімдік кезең – ұл балалар үшін 13-16 жас шамасы
және қыз балалар үшін 12-15 жас шамасы;

    7) жастық шақ – бозбалалар (ер адамдар) үшін 17-21 жас ша-
масы және қыз балалар үшін 16-20 жас шамасы;

    8) орта (есейген) шақ:
    9) бірінші кезең – ер адамдар үшін 22-35 жас және әйел адам-
дар үшін 21-35 жас шамасы;
    10) екінші кезең – ер адамдар үшін 36-60 шас шамасы және
әйел адамдар үшін 36-55 жас шамасы;
    11) мосқал кезең – ер адамдар үшін 61-74 жас шамасы және
әйел адамдар үшін 56-74 жас шамасы;
    12) қарттық кезең – 75-90 жас шамасы;
    13) ұзақ өмір сүретіндер – 90 жастан аса.

    Адамның қартаю үдерістерін зерттеуші Дж. Бирренің адам
жасын топтастыруы (1964 жыл):

    жастық шақ – 12-17 жас шамасы;
    ерте ересектік – 17-25 жас шамасы;
    ересектік – 25-50 жас шамасы;
    кеш ересектік – 50-75 жас шамасы;
    қарттық – 75 жастан үлкен.
    Д.Б.Бромлейдің адам жасын кезеңдерге топтастыруы (1966):
    Б і р і н ш і ц и к л – ана құрсағындағы кезең:
    бірінші кезең – зигота (ұрықтандырылған жұмыртқа);
    екінші кезең – эмбрион (биологиялық дамудың ерте кезеңі);
    үшінші кезең – ұрық (биологиялық дамудың кеш кезеңі);
    төртінші кезең – дүниеге келу мезеті (өмірдің ана ағзасындағы
ішкі ортадан сыртқы ортаға алмасуы);

    Е к і н ш і ц и к л: балалық шақ – 0 – 11-13 жас шамасы;
    бірінші кезең – нәрестелік кезең – туғаннан өмірдің 18 айына
дейін;
    екінші кезең – мектепке дейінгі балалық шақ – 18 айдан 5
жасқа дейін;
    үшінші кезең – ерте мектептегі балалық шақ – 5-тен 11-13
жасқа дейін;

                                    120

⇐ МАЗМҰНЫ
   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125