Page 115 - index Bapaeva
P. 115

алмен біріктірілсе де, бірге ойнамайды. Ересек балалар ойын ба-
рысында әртүрлі рөлдерді ойнап ережелерге бағына алады.

    Ойын барысында балалар өз әрекеттерін жеңіл үйлестіре
алады. Бала тілінің әрекеттерімен үйлесімдігі құрдастарының
біріне деген ұзақ мерзімді қызығушылығына сәйкес келеді. Ойын
белсенді қарым-қатынастың себебіне айналады. Басқа баламен
бірігіп әрекет ету қарым-қатынастың арнайы дағдыларынсыз
жүзеге асырылуы мүмкін емес. Бала қатынастарын реттеу үшін,
құрдастарының ықыласынан айырылып қаламау үшін өзара
қатынастың әртүрлі амалдарын қолдануға үйренеді. Бала жаңа
қатынастарды орнатудың барысында өзі үшін таныс балалардың
тобындағы әрекеттерінің еркіндігін табыс ететін мінез-құлықтың
көптеген түрлерін ашады.

    Балалардың ойыны үшін олардың сөйлеу-тілінің дамуы өте
маңызды. Ойын жағдайы әрбір баладан қатынасудың нақты
қабілеттілігін талап етеді. Егер ол ойын барысына қатысты өз ойын
түсінікті етіп жеткізе алмаса, ол бірге ойнаған достарының сөздік
нұсқауларын да түсінуге қабілетсіз болады, яғни құрдастары үшін
бұл әлдеқандай қиындық тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайдағы
эмоциялы жайсыздық баланың сөйлеу тілінің дамуының тежелуіне
себепкер болады. Тіл – қарым-қатынастың тілдесу құралы. Мек-
тепке дейінгі жас шамасына таяу бала ана тілін жақсы меңгереді.
Алайда, оның жағдайы жағдаяттық, ол баланың дербес әрекеттерін
аса реттей қоймайды. Ол тіл арқылы жеткізілген құбылыстардың
мәнін ұғына алмайды, сөзді белгілеген заттардан ажырата алмай-
ды. Мектепке дейінгі жас шамасының соңына баланың сөздік
қоры біршама молаяды және тілдің грамматикалық құрылысы
ары қарай жетіледі; тіл мінез-құлықты реттеп, психикалық
үдерістердің барлық түрлерін жүзеге асырудағы қызметі артады;
ішкі сөйлеу қалыптасады. Бала тілінің дұрыс әрі дер кезінде да-
муы, баланың ана тілін өз уақытында меңгеруі оның тұлғалық
дамуының маңызды шарты.

           115

⇐ МАЗМҰНЫ
   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119   120