Page 113 - index Bapaeva
P. 113

дейінгі жас шамасындағы баланың ересекпен қарым-қатынасының
жағдайдың ерекшелігіне байланысты іске қосылатын әрқилы
түрлері кездеседі. Баланың тіл табысу қабілетінің өзі оның мінез-
құлқының жағдайдың талаптары мен міндеттеріне қаншалықты
сәйкес келетіндігіне, оның ересектермен іскер, тұлғалық және
танымдық қатынастарын қаншалықты қолданып, өзгертетіндігіне
байланысты болады.

    Балалар психологиясы баланың қарым-қатынастағы
баланың даму деңгейін оның қарым-қатынастың жағдаяттан
тыс түрлеріндегі жоғары жетістіктері бойынша өлшейді, өйткені
ол мектеп жасына дейінгі балалар үшін дамуы жоғары, күрделі.
Баланың ересектермен қарым-қатынасының жағдаяттан тыс-
танымдық және жағдаяттан-тұлғалық түрлерін меңгеру деңгейіне
байланысты оның тіл табысу қабілеттілігін сөз ете аламыз. Егер ол
мектепке дейінгі жас шамасының барысында жағдаяттық қарым-
қатынас деңгейінде қалып қойса, егер оның сөздері негізінен
айналасындағы заттарға немесе дәл сол сәттегі қалауына байла-
нысты болса, егер оның қызығушылықтары заттық әрекеттермен,
манипулятивті ойындармен шектелсе, онда баланың ересекпен
қарым-қатынасының тежелуі болады деп қорытындылауға бола-
ды.

    Бала қоғамдық мектепке дейінгі тәрбие жағдайында өмірінің
алғашқы күнінен бастап, құрдастарының ортасында болады. Ба-
лалар қуана-қуана бірге ойнайды, еңбектенеді, ортақ іспен ай-
налысады, олар тіл табысуға құмар келеді. Тәрбиеші отбасымен
бірлікте мақсатты педагогикалық ықпалдың нәтижесінде баланың
басқа адамдармен және құрдастарымен өзара қатынастарының
сипатын анықтайтын тұлғалық сапаларының бастауын, мінез-
құлықтарының әдеттері мен дағдыларын қалыптастырады.

    Мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың құрдас-
тарымен нақты өзара қатынастарының қалыптасуы, «балалар
қауымының» құрылуы оларға тән айрықша ерекшеліктерінің
бірі деп саналады. Мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың
өзге адамдарға қатысты дербес ішкі ұстанымы «менінің» және
қылықтарының үдемелі ұғынылуымен, ересектер әлеміне, олардың
іс-әрекетіне, өзара қатынастарына деген зор қызығушылығымен
сипатталады.

    Балалар қоғамы – бүлдіршіннің жан-жақты дамуына қажет
жағдайлардың бірі. Жаңа адамның бітістері (ұжымшылдық,

                                    113

⇐ МАЗМҰНЫ
   108   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118