Page 117 - index Bapaeva
P. 117

ІV. ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРГЕ ЖІКТЕЛУІ
            ЖӘНЕ ЖАС ШАМАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ

    4.1. Дамудың жас кезеңдеріне жіктелуі

    Жоспары:
    1. Жас ерекшеліктерін кезеңдерге жіктеудің өлшемдері
    2. Баланың психикалық дамуының кезеңдерге жіктелуі

    1. Жас ерекшеліктерін кезеңдерге жіктеудің өлшемдері

    Жас ерекшелік психологиясының пәні психологиялық
құбылыстардың өзі емес, олардың дамуы немесе жас ерекшелігіне
сай өзгеруі болып табылады. Психиканың түрлі формаларының
адамдардың жас ерекшеліктеріне сай өзгеруі, адамзат өмірінің са-
тыларына байланысты әртүрлі қарқындылығымен ерекшеленеді,
өмірдің жеке кезеңдерінде әртүрлі мәндеріне ие.

    Адам өмірі төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
    1) пренатальды (құрсақтағы)
    2) балалық шақ
    3) ересек балалық шақ
    4) ересек шақ
    5) егде шақ, қарттық
    Балалық шақтың өзі 4 кезеңнен тұрады:
    1 – нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін)
    2 – ерте балалық шақ кезеңі (1 жастан 3 жасқа дейін) – функ-
ционалды тәуелсіздік пен сөйлеу тілінің даму кезеңі.
    3 – Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңі (3 жастан 6 жасқа
дейін) – баланың жеке тұлғасы мен таным үдерістерінің дамуы-
мен сипатталады.
    4 – бастауыш мектеп жасы (6 жастан 11-12 жасқа дейін)
баланың әлеуметтік топқа енуіне және ақыл-ой іскерліктері мен
білімдерінің дамуына сәйкес келеді.
    Ересек балалық шақ екі кезеңге бөлінеді:
    1) Жеткіншек кезеңі баланың жыныстық дамуына сәйкес
келіп, 11 жастан 15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Осы жас

                                    117

⇐ МАЗМҰНЫ
   112   113   114   115   116   117   118   119   120   121   122