Page 122 - index Bapaeva
P. 122

готский бойынша бір жастан келесі жасқа қарай өтпелі төңкерісті
жолмен жүреді.

    А. Н. Леонтьевтің жас ерекшеліктерінің жіктелу өлшемі
жетекші іс-әрекет болып табылады. Жетекші іс-әрекеттің дамуы
бала тұлғасының дамуының нақ сол сатысындағы психикалық
үдерістері мен психологиялық ерекшеліктерінің негізгі
өзгерістерін міндеттейді. А. Н. Леонтьев адамның жасы баланың
әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орнына және жетекші іс-
әрекетке байланысты жіктелуі тиіс деп болжайды. Соған бай-
ланысты зерттеуші келесі үлгіде жіктеуді ұсынады: нәрестелік
(0-1 жас); мектеп алды (2-3 жас), жетекші іс-әрекет – қарапайым
заттық әрекеттерді меңгеру; мектепке дейінгі (3-7 жас) кезең,
жетекші іс-әрекет – желісі бар ойын; мектептегі балалық шақ (7-
17 жас), жетекші іс-әрекеті – оқу, оның өзі бастуыш мектеп жасын
(7-12 жас), жасөспірімдік кезеңді (12-15 жас), жастық шақты (15-
17 жас) қамтиды.

    2. Баланың психикалық дамуының кезеңдерге жіктелуі

    Л. И. Божович дамудың әлеуметтік жағдайының және тұлғалық
жаңа құрылымдардың негізінде адам жасын кезеңдерге жіктеп,
дағдарыстарды баланың психикалық өмірінде туындап отыратын
қарама-қайшылықтар ретінде қарастырады (10-кесте).

    Д. Б. Элькониннің жас ерекшеліктерін жіктеуінің
негізінде дамудың нақ сол сатысындағы психологиялық жаңа
құрылымдардың пайда болуын анықтайтын жетекші іс-әрекеттер
жатыр. Нәтижелі іс-әрекет пен қарым-қатынас іс-әрекетінің
арақатынастары қарастырылады.

    Д. Б. Элькониннің жас ерекшеліктерін ішкі заңдылықтарды
ескерудің негізінде психикалық даму кезеңдерінің негізгі
қағидаларының неғұрлым жүйелі топтастыруы, жас ерекшелік-
психологиялық кеңес беру тәжірибесінің және баланың
психикалық дамуын айқындау мен түзету жұмысының теориялық
негізіне айналды. Автор жас ерекшеліктерін дамудың әлеуметтік
жағдаятының; жетекші іс-әрекеттің; психологиялық жас ерекшелік
жаңа құрылымдардың негізінде дамудың циклдері, кезеңдері, фа-
залары бойынша жіктейді.

                                    122

⇐ МАЗМҰНЫ
   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127