Page 119 - index Bapaeva
P. 119

Адам жасының көне қытайлық дәстүрде топтастырылуы:
    жастық шақ – 20 жасқа дейін;
    неке құру жасы – 30 жасқа дейін;
    қоғамдық міндеттерді орындау жасы – 40 жасқа дейін;
    дербес жаңылысуларын тану жасы – 50 жасқа дейін;
    шығармашылық өмірдің соңғы кезеңі – 60 жасқа дейін;
    қалаулы жас – 70 жасқа дейін;
    қарттық – 70 жастан бастап.

    Адам жасының Пифагор бойынша топтастырылуы (б.з.д.,
VІ ғасыр):

    қалыптасу кезеңі – 0-20 жас шамасы («көктем»);
    жас адам – 20-40 жас шамасы («жаз»);
    қуаты толысқан адам – 40-60 жас шамасы («күз»);
    кәрі және қуат көзінен айырыла бастаған адам – 60-80 жас ша-
масы («қыс»).
    Адам жасының Гиппократ бойынша топтастырылуы (б.з.д.,
ІV ғасыр):
    бірінші кезең – 0-7 жас шамасы;
    екінші кезең – 7-14 жас шамасы;
    үшінші кезең – 14-21 жас шамасы;
    төртінші кезең – 21-28 жас шамасы;
    бесінші кезең – 28-35 жас шамасы;
    алтыншы кезең – 35-42 жас шамасы;
    жетінші кезең – 42-49 жас шамасы;
    сегізінші кезең – 49-56 жас шамасы;
    тоғызыншы кезең – 56-63 жас шамасы;
    оныншы кезең – 63-70 жас шамасы.

    1956 жылы Мәскеуде жас ерекшеліктерінің жіктелуіне бай-
ланысты ұйымдастырылған халықаралық симпозиум қабылдаған
адам жасының топтастырылуы

    1) нәресте – 1-10 күн;
    2) емшектегі (емізулі) кезең – 10 күн-1 жас;
    3) ерте балалық шақ – 1-2 жас шамасы;
    4) балалық шақтың бірінші кезеңі – 3-7 жас шамасы;
    5) балалық шақтың екінші кезеңі – ұл балалар үшін 8-12 жас
шамасы және қыз балалар үшін 8-11 жас шамасы;

                                    119

⇐ МАЗМҰНЫ
   114   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124