Page 121 - index Bapaeva
P. 121

Ү ш і н ш і ц и к л – жастық шақ 11-13 – 21 жас шамасы:
    бірінші кезең – жыныстық жетілу – ересек мектептегі балалық
шақ (ерте жастық шақ) 11-13 – 15 жас;
    екінші кезең – кеш жастық шақ 15-21 жас шамасы;

    Т ө р т і н ш і ц и к л – ересектік – 21-65 жас шамасы;
    бірінші кезең – ерте ересектік – 21-25 жас шамасы;
    екінші кезең – орта ересектік – 25-40 жас шамасы;
    үшінші кезең – кеш ересектік – 40-50 жас шамасы;
    төртінші кезең – зейнеткерлік алдындағы жас – 55-60 жас ша-
масы.

    Б е с і н ш і ц и к л – қартаю – 65-70 жас шамасы;
    бірінші кезең – «істерден шет қалу», «жұмыстан мүлде шығу»
- 65-70 жас шамасы;
    екінші кезең – қарттық – 70 жастан ары қарай;
    үшінші кезең – қаусау, аурушаң қарттық, өлім – Англия және
Батыс Европа жағдайында ең үлкен дәрежеде 110 жас шамасы;

    Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының кезеңдері:
    ерте нәрестелік – туғаннан 1 жасқа дейін;
    кеш нәрестелік – 1 жастан 3 жасқа дейін;
    ерте балалық шақ – 3-5 жас шамасы;
    орта балалық шақ – 5-тен 11 жасқа дейін;
    жыныстық жетілу, жасөспірімдік және жастық шақ – 11-ден 20
жасқа дейін;
    ерте ересектік – 20 жастан 40-45 жасқа дейін;
    орта ересектік – 40-45 жастан – 60 жасқа дейін;
    кеш ересектік – 60 жастан ары қарай
    Жас ерекшелік жиіліктерінің және олардың салыстырмалы
сипаттамаларының бөлшектену мөлшері біртіндеп ұлғайып отыр-
ды.
    Л. С. Выготский жас ерекшеліктерінің жіктелу өлшемдері
ретінде дамудың нақты сатысына тән психикалық жаңа
құрылымдарды қарастырды. Ол дамудың «тұрақты» және
«тұрақсыз» жиіліктерін көрсетті. Ол баланың функциялары мен
қатынастарының сапалы өзгерістері жүзеге асатын уақытқа –
дағдарыс кезеңіне жете көңіл бөлді. Бұл кезеңдерде бала жеке
тұлғасының дамуында маңызды өзгерістер байқалады. Л. С. Вы-

                                    121

⇐ МАЗМҰНЫ
   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126