Page 114 - index Bapaeva
P. 114

еңбек ету міндеттерін дұрыс қабылдау, ынтымақтастық, өзара
көмек көрсету, ұстамдылық) өзге адамдармен өзара әрекеттесудің
нәтижесінде жеңіл қалыптасады. Бала құрдастарымен қарым-
қатынаста қызығушылықтары мен талпыныстарына үндес
тәжірибеге ие болу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

    Отбасындағы жалғыз бала немесе балалар бақшасына бар-
майтын бүлдіршін құрдастарымен қарым-қатынастың ерекше
қажеттілігін сезінеді. Өз кезегінде, отбасынан тыс құрдастарымен
қарым-қатынас үлкен ресмилікті, қатынастарды орнату іскерлігін,
серіктесінің мінезін есепке алуды талап етеді. Жақындардың
арасындағы қолайлы әрекеттер мен әдеттер бөгде адамдармен
қарым-қатынаста қолдануға келмейді. Міне дәл осы жәйт бала-
ны өзара қатынастардың әртүрлі формаларын қолдануға ынта-
ландырады. Баланың құрдастарымен қарым-қатынастарын орна-
ту іскерліктерінен оның адамдар қоғамындағы өмірге даярлығы
басталады: алдымен балалар бақшасында немесе мектепке,
болашақта студенттік өмірде немесе өндірістік ұжымда.

    Ойын мектепке дейінгі жас шамасындағы баланың жетекші
іс-әрекеті. Ол біріккен ойын іс-әрекетінде өз әрекеттерін өзге
балалардың әрекеттерімен үйлестіруге үйренеді. Балалар
тобының басқа мүшелерімен шынайы қатынастары ұжымшылдық
қатынастарды орнатумен шектелмей, баланың сана-сезімін де
арттырады. Баланың құрдастарына, қалыптасып келе жатқан
ұжымның пікіріне бағдарлануы оның әлеуметтік сезімдерін де
қалыптастырады: дербестілік, топтың мүддесін ұстану қабілеті,
жанашырлық. Егер ойынның желісі баланың ересектердің іс-
әрекетімен және өзара қатынастарымен танысуына мүмкіндік
берсе, шынайы өзара қатынастар оны әртүрлі жағдайларда өзін
ұстауға үйретеді, сол себепті ойын барысындағы және шынайы
өзара қатынастардың арасындағы айырмашылықтар орын алып,
мектепке дейінгі баланың ойыны қызықты бола қоймайды.

    Ойын және оның мазмұны мектепке жейінгі жас шамасының
барысында түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Кішкентай
балалардың ойынының негізгі мазмұны – ойыншықтармен
ересектерді шынайы заттармен әрекеттерін жаңғыртатын
әрекеттерді жүзеге асыру (еден сыпыру, нан кесу, т.с.с.). Бұл
кезеңде балалардың негізінен жалғыз ойнайтынын ескерген жөн.
Олар ересекпен бірге ойнауды болжайтын арнайы типтік матери-

                                    114

⇐ МАЗМҰНЫ
   109   110   111   112   113   114   115   116   117   118   119