Page 124 - index Bapaeva
P. 124

Біртұтас цикл (дамудың дәуірі) мотивациялық қажет-
тіліктердің, тұлғалық сфераның даму кезеңдерін және операция-
лық-техникалық, ақыл-ой сферасының кезеңдерін қамтиды.
Әрбір дәуір келесісінен тұлғаның әлеммен қатынастарының қайта
құрылуына байланысты туындайтын 3, 12 және 17 жастардағы
үлкен дағдарыстар арқылы ажыратылады. Кезеңдер бір-бірінен
баланың өз-өзіне қатынасының қайта құрылуын болжайтын және
дара сананы дайындауға, дүниеге келуіне және дамуына байла-
нысты 1, 7 және 15 жаста туындайтын кіші дағдарыстар арқылы
ажыратылады. Кіші дағдарыстырға тән қарама-қайшылықтар
қалыптасқан мотивтердің қайшылығымен және іс-әрекетті жүзеге
асырудың сәйкес құралдарының болмауына байланысты. Үлкен
дағдарыстар мотивтердің, қажеттіліктердің қалыптаспауына және
өмірлік ұстанымның қажеттігіне байланысты.

    Жас ерекшелік дамуды кезеңдерге жіктеудің маңызды
шектеулері:

    1. Жіктеуге пренатальды даму кезеңі қамтылмаған, өйткені
бұл кезеңде дамудың өзге заңдылықтары (органикалық жетілу)
орын алады.

    2. Жіктеу ересек кезеңдерді қамтымастан 17 жаспен аяқталады.
Жіктеудің жас бойынша осылай шектелуі ересек жастағы дамудың
заңдарын түбегейлі өзгерту жайындағы болжамға байланысты.
17 жасқа дейін тұлғаның дамуы әлеуметтік-мәдени тәжірибені
меңгеру түрінде, ересектікке өткен соң жасампаз мәдени
тәжірибені меңгеру түрінде жүзеге асырылады. Ересек жас үшін
құрылым қосымшаға мұқтаж. В. М. Моргун және Н. Ю. Ткаче-
ва ересек жастар үшін жетекші іс-әрекет қағидасын қолдануға
әрекет етеді.

    Баланың психикалық дамуының кезеңдерге жіктелуі – ерте
балалық шақ, балалық шақ және жеткіншектік дәуірлерін
қамтиды.

    Ерте балалық дәуірі жаңа туған сәби дағдарысы (0-2 ай)
дағдарысынан басталады. Бұл дағдарыстың ерекше сипаты даму
мен өмір типінің өзгерістеріне байланысты.

    Нәрестелік кезең (2-12 ай) – балалық шақ дәуірінің алғашқы
кезеңі. Жақын ересекпен тікелей эмоциялық қарым-қатынас атал-
мыш кезеңнің жетекші іс-әрекеті болып табылады. Мотивациялық-
қажеттілік аумағы алдын алушы ырғақпен дамуда. Жас

                                    124

⇐ МАЗМҰНЫ
   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129