Page 17 - index Bapaeva
P. 17

Сонымен, баланың онтогенезде психикалық дамуының
қозғаушы күштері мен себептері жайлы мәселе теориялық
тұрғыда әрі әлеуметтік-практикалық жоспарда маңызды.

    1.2. Даму ұғымы

    Аталмыш ұғым қайсыбір өзгерісті, жаңа қабілеттердің туын-
дауын, жетілуді қамтиды. Кез келген өзгерісті даму деп атауға
бола ма? Өсу, даму және жетілу ұғымдарын салыстырып көрелік.
Аталмыш ұғымдар өзара байланысып, өзара ұштасатын болса да,
олар бір-бірінен өзгеше үдерістер болып табылады.

    Өсу – жеке ағзалардың, олардың жүйелерінің, тұтастай
организмнің маңызды мүмкіндіктерінің сандық өзгерістері,
мөлшерлерінің ұлғаюы.

    Даму – құрылымның сапалы өзгеру, қайта құрылу, өңделу
үдерісі. Даму әрдайым жүйенің дамуы болып табылады, жаңа
қасиет тек жүйенің қайта өңделуі ретінде туындайды. Соған
сәйкес даму объектісі – оқшауланған элемент емес, жүйе болып
табылады.

    Жетілу – генетикалық жоспарға сәйкес органикалық өсу мен
дамудың бағдарламаланған үдерісі. Жетілу сандық және сапалы
өзгерістерді қамтиды.

    Адамның шынайы тіршілік әркетінде және психикалық да-
муында аталмыш үш үдеріс бір-бірімен тығыз байланысады.
Алайда зерттеу мақсатында олар бір-бірінен ажыратылуы тиіс.
Даму онтогенезде генетикалық бағдарламаланған өзгерістерді
болжау қажеттілігінен жетілу жағдайында жүзеге асады. Жетілу
қажет алғышарттарды құрып, дамуды шектейді. Жетілу – дамуды
шектейтін әрі мүмкіндіктерін қалыптастырушы объективті үдеріс
болып табылады. Даму сапалы өңдеулердің негізі болып табыла-
тын сандық өзгерістерге негізделеді.

    Дамудың негізгі сипаттамаларын ерекше атап көрсету үшін
оның философиядағы түсінігін қарастыралық.

    1. Дамудың сапалы өзгерістері. Сапалы бір күйден екіншісіне
өту. Мәселен, ойлау көрнекі әрекетшіл түрінен көрнекі бейнеліге
және сөздік қисынды ойлауға алмасады.

    2. Өзгерістердің мұрагерлігінің негізінде дамудың қайтарым-

                                     17

⇐ МАЗМҰНЫ
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22