Page 125 - index Bapaeva
P. 125

ерекшелігінің орталық мәселесі – қарым-қатынас қажеттілігінің
шығу тегі және жақын ересек адаммен қарым-қатынас түрлерінің
дамуы. Нәрестелік өмірдің бірінші жылындағы дағдарыспен (кіші
дағдарыспен) аяқталады.

    Ерте жас шамасы (1-3 жас) ерте балалық шақ кезеңінің
екінші кезеңі болып табылады. Жетекші іс-әрекеті – затты адам
қолданатын құрал ретінде пайдаланудың әлеуметтік қызметі және
тәсілі ретінде меңгеруге бағытталған заттарды-құралдарды пай-
далану іс-әрекеті болып табылады. Танымдық ақыл-ой аумағы
– сөйлеу-тілі, ойлау, қабылдау үдерістері басымдылықпен да-
митын кезең. Кезең үш жастағы – «Мен өзім» деп сипатталатын
дағдарысымен аяқталады. Бала мен ересектің арасындағы қарым-
қатынас біріншісінің автономдылығы мен дербестілігінің есебіне
байланысты қайта құрылады.

    Балалық шақ дәуірі де мектепке дейінгі және бастауыш мектеп
жас шамасынан құралады. Мектепке дейінгі жас шамасындағы
(3-7 жас) жетекші іс-әрекет баланың әлеуметтік және тұлғааралық
қатынастар жүйесінде, ойыншықтарды қолдану, рөлдерді ой-
нау арқылы жүзеге асырылатын адам іс-әрекетінің міндеттері,
мағыналары және мотивтері жүйесінде бағдарлануына
бағытталған модельдеуші типтегі, желісі бар рөлдік ойын болып
табылады. А. Н. Леонтьевтің айтуынша, бұл кезеңде тұлғаның
құрылымы қалыптаса бастайды, мотивтер бір-біріне бағынатын
болады. Мектепке дейінгі жас шамасы баланың әлемге қатынасын
жанамалайтын және жеке қатынастың туындауына ықпал ететін
ішкі күйзелістер әлемі қалыптасатын 6-7 жастағы дағдарыспен
(кіші дағдарыс) аяқталады.

    Бастауыш мектеп жас шамасы (7-11 жас) жетекші іс-әрекет
ретінде мазмұны ғылыми ұғымдар жүйесінде әрекеттердің
жалпыланған тәсілдерін меңгерумен ерекшеленетін оқу
әрекетімен сипатталады. Танымдық аумақ пен интеллект
басымдылықпен дамиды. Бастауыш мектеп жас шамасы баланың
ересекпен қатынастарының қайта құрылуымен анықталатын 12
жастағы (үлкен дағдарыс) дағдарыспен аяқталады. Дағдарыста
сана-сезімнің ерекше түрі – есею сезімі қалыптасады. Біріншіден,
– бұл рефлексия, күйзеліс, ұмтылыс емес, сезім. Екіншіден, сана-
сезімнің әлеуметтік формасы.

    Жасөспірімдік кезең (12-17 жас) 12 жастағы дағдарымпен бас-

                                    125

⇐ МАЗМҰНЫ
   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130