Page 126 - index Bapaeva
P. 126

талып, жасөспірімнің ересектікке өтуіне байланысты туындайтын
17 жастағы дағдарыспен аяқталады.

    Кіші жасөспірімдік жас шамасы (12-15 жас) жасөспірімдік
дәуірінің бірінші кезеңі. Жетекші іс-әрекеті – мазмұны серіктесімен
жақын қатынастарды орнату, оны және өзін тану арқылы
анықталатын құрдастарымен интимді-жеке қарым-қатынас бо-
лып табылады. Тұлғаға бағытталған қарым-қатынас барысында
адамгершілік нормаларының қағидалары меңгеріліп, осы жас
шамасының моральды тәрбиеге жоғары сезімталдығының туын-
дауына ықпал етеді. Басымдылықпен тұлғалық аумақ дамиды.
15 жастағы эго-ұқсастыру, дара сана-сезімнің туындауы, «Менің»
екінші рет дүниеге келу дағдарысымен аяқталады.

    Жоғары жасөспірімдік жас шамасы (15-17 жас) жасөспірімдік
дәуірін аяқтайды. Жетекші іс-әрекеті – алдын ала өзін кәсіби
анықтау тұрғысында ғылыми ұғымдардың жүйесін меңгеру
ретіндегі оқу-кәсіби іс-әрекет болып табылады. Оқу іс-әрекетінің
сипаты өзгереді, ол өз-өзінің білімін арттыру сипатына ие бола
бастайды (секциялар, курстар, дайындықтар, хобби). 17 жастағы
дағдарыс жасөспірімнің дәуірінің аяқталуын және ересектікке өту
бастауын анықтайды (кеш жастық шақ кезеңі – 17 – 20-21 жас).

    А. В. Петровский әрбір жас кезеңі үшін референтті
қоғамдастыққа енудің үш фазасын көрсетеді, яғни тұлға
құрылымының дамуы мен қайта құрылуы жүзеге асатын адапта-
ция, индвидуализация және интеграция.

    Осы кезде оқыту мен тәрбиелеудің қалыптасқан жүйесін еске-
ре отырып, даму психологиясының ішінде төмендегідей бөлімдері
анық белгіленді.

    Балалар психологиясы нәрестелік кезеңді (туғаннан бір жасқа
дейін), бөбек кезеңін (бір жастан үш жасқа дейінгі кезең), мектеп-
ке дейінгі кезеңді (3-6,7 жас шамалары) және бастауыш сынып
кезеңін (6, 7-11,12 жас шамалары) құрайды.

    Жасөспірімдік және жастық шақ психологиясы кіші
жасөспірімдік жас шамасын (жыныстық дамудың басталуынан 11-
12 -ден 15 жасқа дейін), ересек жас ерекшелік кезең (ерте жастық
шақ) 15-тен 17-ға дейін және жастық шақтан (17-19) құралады.

    Ересек адам психологиясы (акмеология) ерте, орташа және
кеш ересектікті құрайды. Егер балалар психологиясының жас
ерекшелік шекаралары анық белгіленген болса, ересек адам пси-

хологиясында аталмыш шекаралар салыстырмалы белгіленеді.

    Қартаю және егде жас психологиясы (геронтология) мосқал

                                    126

⇐ МАЗМҰНЫ
   121   122   123   124   125   126   127   128   129   130   131