Page 18 - index Bapaeva
P. 18

сыздығы. Дамудың қайтарымсыздығы дегеніміз – біздің балалық
шаққа, жеткіншек кезеңіне қайта орала алмайтынымыз. Мәселен,
40-45 жас шамасындағы дағдарыс кезеңінде жастық шақтың сим-
волды өлімін қабылдау қажет. Дамуды алға жылжу бар да, кері
қайту жоқ. Алайда, біз ойша өткен шаққа орала аламыз, оны
өңдеуге мүмкіндігіміз бар, психоанализ бен психотерапия дәл
осы әдіс-тәсілдерге сүйенеді. Мұрагерлік сапалы, қайтарымсыз
өңдеудің сақтаумен және тұрақтылықпен үйлесімін білдіреді.
Мәселен, «эго-ұқсастық» ұғымы орын алған барлық өзгерістерге
қарамастан «Мен» ұғымының мұрагерлігі мен сәйкестігінің
сақталуын білдіреді. Эго-ұқсастықтың құрылымы тұлғаның
тұрақты негізін құрайды. Даму әрдайым қайсыбір тұрақтылықты
болжайды. Тұрақтылықтың түрлері 1-кестеде көрсетілген.

                                                                          1-кесте
           Тұрақтылық түрлерінің графикалық кескінделуі

Тұрақтылықтың                  Графикалық кескінделуі
      түрлері
                          Тұрақтылық        Тұрақсыздық

Абсолютті тұрақтылық Тұрақтылық             Өзгерістер
(инвариативтілік)

Құбылыстар жүйелігінің Жүйелі               Жүйесіз
                                            * *** ** *** ** **
тұрақтылығы               ****************

Форманың жүйелілігі.      Қарапайым қалып   Күрделі қалып

Мәселен, график жас

ұлғайған сайыс ес

көлемінің      өзгерісін

сипаттайды. Қарапайым

қалыптың заңдылығы

бар да, күрделі қалыпта

заңдылық жоқ.

                               18

⇐ МАЗМҰНЫ
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23