Page 19 - index Bapaeva
P. 19

Даралық                                           1-кестенің жалғасы
айырмашылықтардың
сақталуы                 А й ы р м а ш ы л ы қ - Айырмашылықтардың
(дифференциялы           тардың тұрақтылығы тұрақсыздығы
тұрақтылық). Мысалы,
біз әртүрлі сыналушылар
интелектілерінің
коэффицентін
өлшейміз. График
«А» сыналушының
интеллектісі ең төмен
екендігін көрсетеді әрі
жас ұлғайған сайын ол
өзгермейді

 Тұрақтылық дамудың
 «шамасына» сәйкестік
 ретінде.
 «Шаманың» идеалды
 қисығы (тұтас сызық)
 Дамудың экспериментті,
 шынайы барысы (үзік
 сызықтар)

(1-кестеге анықтама. Кестеде тұрақтылық пен тұрақсыздық
белгілері графикалық кескіндеулер арқылы түсіндіріледі. Мәселен,
түзу сызық тұрақтылықты анықтаса, ирек сызық күрделі қалыпты
білдіреді және басқа кескіндер де осындай мәнге ие).

    3. Даму объектісінің ерекше болуы. Дәл не нәрсе дамиды?
Психика, ес, зейін, бала, индивид немесе әлеуметтік байланыс-
тар жүйесіндегі индивид пе? Дамудың нысанын түсінудің екі
тұрғысы бар:

    ●● дәстүрлі классикалық психологияда индивид (оның ныса-
ны немесе санасы) даму объектісі ретінде анықталады;

    ●● мәдени-тарихи тұғырда даму нысаны ретінде әлеуметтік
қатынастар жүйесіндегі адам болып табылады, оқшауланған ин-
дивид емес, әлеуметтік қатынастар мен байланыстар жүйесіндегі
субъект (бала) дамиды. Аталмыш тұғыр кеңестік ғалымдар
Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Д. Б. Элькониннің,
А. В. Запарожецтің, сондай-ақ шетелдік зерттеушілер У. Брон-
фенбреннердің, М. Коулдың еңбектерінде көрсетілген.

                         19

⇐ МАЗМҰНЫ
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24