Page 147 - index Bapaeva
P. 147

4.3. Бөбек жасы

Жоспары:
1. Бөбек кезеңінің сипаттамасы
2. Бөбектің заттар мен әрекеттерді меңгеруі
3. Баланың сөйлеу-тілінің дамуы
4. Бір жастағы дағдарыс

1. Бөбек кезеңінің сипаттамасы

    Бөбек жасы 1-3 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңде бала
дамуының әлеуметтік жағдайы өзгереді. Бөбек жасының басына
қарай бала ересектен тәуелсіз болу ұмтылысына ие болып, ере-
секпен байланысын сақтап қалады, өйткені оның көмегі, назары
және бағасы қажет. Мұндай қарама-қайшылық бала мен ересектің
ынтымақтастығын немесе біріккен іс-әрекетін білдіретін бала
дамуының жаңа әлеуметтік жағдайында шешімін табады.

    Баланың жетекші іс-әрекеті де өзгеріп, оның заттарды
әлеуметтік құралдар ретінде меңгеруіне бағытталған заттық-
манипулятивті іс-әрекет түріне ұласады. Егер нәресте затпен
әрекет ету тәсілін және оның қызметін айыра білмесе, екі жастағы
баланың ересекпен зат арқылы қызметтестігінің мазмұны заттар-
ды пайдаланудың қоғамдық тәсілдерін меңгереді. Ересек баланың
қолына затты беріп қана қоймай, затпен бірге онымен әрекет ету
тәсілін де меңгереді. Мұндай ынтымақтасқан қарым-қатынас
жетекші іс-әрекет болудан қалады, ол заттарды қолданудың
қоғамдық тәсілдерін меңгеру құралына айналады.

    Бөбек жасына тән жағдаяттық-іскер қарым-қатынас оның
ересекпен ынтымақтастығына деген қажеттілігіне жауап береді.
М. И. Лисина баланың ынтымақтастыққа мұқтаждығының негізгі
төрт белгісін көрсетеді:

    ●● өз іс-әрекетіне назар аудартуға тырысады;
    ●● өз жетістіктерінің бағаланғанын қалайды;
    ●● сәтсіздіктерде жәрдем сұрайды;

                 147

⇐ МАЗМҰНЫ
   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152