Page 148 - index Bapaeva
P. 148

●● «таза» мейірімді өз жетістіктерінің мақұлдануы ретінде
шын көңілмен қабылдағанымен, бас тартуға тырысады.

    Бөбек жасында баланың психикалық дамуы қауырт дамиды,
оның негізгі компоненттері төмендегідей:

    1) заттық іс-әрекет және ересекпен іскер қарым-қатынас;
    2) белсенді сөйлеу;
    3) ерікті мінез-құлық;
    4) құрдастарымен араласу қажеттілігінің қалыптасуы;
    5) символдық ойынның басталуы;
    6) сана-сезім және тәуелсіздік.

    2. Бөбектің заттар мен әрекеттерді меңгеруі

    Баланың заттарға қызығушылығы және сол заттармен алғашқы
әрекеттері 6-7 айда пайда болады, алайда нәрестелер заттармен
әрекет ету тәсілін байқай алмайды, олардың белсенділігі тек
заттың өзіне ғана бағытталады.

    2 жасар бала заттармен әрекетті меңгеріп, ересекпен біріккен
іс-әрекетінде құрал-заттардың қызметін меңгере бастайды. Ол
заттың қоғамдық ортада көпшілік арасында атқаратын қызметінің
мәнін түсіне бастайды.

    П. Я. Гальперин заттық әрекеттердің – қол арқылы және құрал
арқылы екі түрінің арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Бірінші жағдайда қол арқылы затпен әрекет етеді (зат-қолдың
ұзартылуы немесе қосымшасы) екінші жағдайда қол зат-құралға
ыңғайланады. Баланың құралмен әрекет ету тәсілдерін меңгеруі
оның бір затты алу үшін екіншісімен әрекет етуіне мүмкіндік
туғызады.

    Бала осының негізінде заттардың едәуір маңызды және жал-
пы (ортақ) белгілерін ажырата бастайды. Бұл санада бейнеленетін
және ойлаудың дамуына ықпал ететін ұғымдар сипатына ие бола-
тын жалпыламалардың қалыптасуына әкеледі.

           148

⇐ МАЗМҰНЫ
   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152   153