Page 170 - index Bapaeva
P. 170

4.5. Бастауыш мектеп кезеңі

    Жоспары:
    1. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық ерекше-
ліктері
    2. Құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас-
тарының ерекшеліктері
    3. Оқу іс-әрекеті және оның құрылымы
    4. Баланың жеті жастағы дағдарысы
    5. Мектепке бейімделу кезеңінде бірінші сынып оқушы-
ларының эмоциялық дамуын психологиялық қолдау

    1. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық
ерекшеліктері

    Оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру – қазіргі
заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде
адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып,
моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде.

    Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық
міндеттері – оқушылардың белсенді өмірлік позициясын,
қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін
сақтап, адамгершілік нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді
қалыптастыру.

    Оқу іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек үдерісін нәтижелі
орындауға қажетті білімді, дағдыны жүйелі түрде меңгеру. Оқу
арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жинақтаған асыл
мұра тәжірбиелерін береді. Оқу материалдары бала психологиясы-
на зор ықпал етеді. Өйткені ұғыну өте қиын оқу әрекетінің өзіне
тән мотивтері болады. Тәрбиелеуде немесе оқытуда мұғалім осы
түрткілерді (мотивтерді) білу керек. Баланың жасы өскен сайын
психикасы да өзгереді. Яғни, оның оқуға деген көзқарасы өзгеріп
отырады. Оқуға, білім алуға ұмтылуды тудыратын түрткілер бо-
лады.

    Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу,
оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен

мұғалімдерге жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.

           170

⇐ МАЗМҰНЫ
   165   166   167   168   169   170   171   172   173   174   175