Page 21 - index Bapaeva
P. 21

6. Дамудың қайнар көзі. Ішкі қарама-қайшылыққа толы;
даму өз бетінше жүзеге асқан қозғалыс ретінде қарастырылады.
Кеңестік психологияда бала дамуының әлеуметтік жағдайы мен
оның тұлғалық және ақыл-ой аумақтарындағы психологиялық
жаңалықтарының арасындағы қайшылық дамудың қайнар көзі
ретінде анықталады (Л. С. Выготский).

    7. Дамудың екі қалпы болады: эволюциялық – баяу, сандық
өзгерістер; секірмелі – салыстырмалы қысқа мерзімде маңызды
өзгерістердің орын алу, яғни дағдарыстар арқылы даму.

    Психологиядағы дағдарыстар негізі – дағдарыстардың
табиғаты (пайда болу себептері) және олардың қалыпты жәйт бо-
лып табылатын ерекше мәселе. Л. С. Выготскийдің еңбектеріне
дейін онтогенетикалық дамудағы дағдарыстар дамудың бұзылуы
деп есептелген болатын. Ол ұстанымға сәйкес дағдарыстар
нақты бұзылыстарын дұрыс тәрбиелеу арқылы болдырмауға
болатын дамуға қатысты оғаш үдеріс ретінде қарастырылған.
Қазіргі таңда дағдарыстар дамудағы, тұлғаның түрленуі мен
жетілуіндегі қажетті сатысы. Егер бұрында балалық шақтағы
және жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыстар зерттелсе, бүгінде
дағдарыстардың егде жастарға қатысты да қалыпты үдеріс екендігі
мойындалуда. Мәселен, Д. Левинсон 27-30 жастағы «арманның»
қирауынан туындайтын дағдарысты және егде жастағы ең күрделі
де айқын көрініс беретін 45 жастағы дағдарысты зерттеген.

    8. Дамудың сатылылығы. Дамудың әрбір сатысының өткен
шақты қамтитынын, яғни тұрақтылығын сақтай отырып, жаңа
қасиеттің туындауына негіз болатынын білдіреді. Сатылылық
адамның психикалық дамуының үзбелілігі мен үздіксіздігінің
бірлігі ретінде түсіндіріледі.

    1.3. Даму психологиясының әдістері

    Психологияда зерттеу әдістерінің төрт тобы қарастырылады.
Әдістердің бірінші тобына: салыстырмалы, лонгитюдті және
кешенді әдістер (ұйымдастырушы әдістер тобы) жатады.

    Салыстырмалы әдіс – сыналушылардың неме-
се таңдаулардың әртүрлі топтарының салыстырылуы. Жас
ерекшелік психологиясындағы бұл әдіс әртүрлі объектілердің

                                     21

⇐ МАЗМҰНЫ
   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26