Page 20 - index Bapaeva
P. 20

4. Дамудың құрылымы немесе механизмі (1-сызба).
Психикалық дамудың заңдылықтарын зерттеудің ақырғы
мақсатын құрайды. Дамудың құрылымы:

    ●● бастапқы және ақырғы күйіндегі даму нысаны;
    ●● нысанның бастапқы күйінен ақырғы күйіне (даму үдерісіне
әсер ететін факторлар мен шарттардың жиынтығы) заңды алма-
суын қамтамасыз ететін даму шарттарын қамтиды.
    5. Дамудың бағыттылығы. Даму бағыттылығының: алға және
кері шегінуші екі түрі болады. Алға жетелейтін даму төменгі
реттегі құрылымнан жоғарғысына көшуді білдірсе, кері шегінуші
даму керісінше бағытта жүреді. Қалыпты жағдайда алға жылжи-
тын даму басымырақ. Тұлғаның кері дамудың себептері мен бары-
сын анықтаумен клиникалық психология айналысады. Кәріліктегі
кері даму міндетті шарт емес. Дәстүрлі психологияда кәріліктегі
психикалық даму тек кері жүретін үдеріс ретінде қарастырылған.

    1-сызба. Дамудың құрылымы

Бірінші жағдай  Бастапқы күйіндегі даму нысаны
 Екінші жағдай   Даму нысаны аралық күйінде

Үшінші жағдай   Даму нысаны ақырғы күйінде

    Қазіргі заманғы психологияда даму барлық даму кезеңдерінде
алға әрі кері жылжудың мезеттерін қатар қамтитын үдеріс
ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда прогрессивті өзгерістердің
үдерістері регрессивтіден басым түсетін тиімді әрі сәтті қартаю
ұғымы қалыптасқан. Э. Эриксон қарттық кезеңін даналыққа ие
болуды жас шамасы ретінде қарастырған.

                                     20

⇐ МАЗМҰНЫ
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25