Page 23 - index Bapaeva
P. 23

сандық (статистикалық) және сапалы талдау (мәліметтердің
топтарға жіктелуі және т.с.с.) әдістері жатады.

    Төртінші топқа интерпретациялық әдістер – генетикалық
және құрылымдық әдістер жатады.

    Генетикалық әдіс зерттеудің бүкіл өңделген мәліметтерінің
психикалық жаңа құрылымдары қалыптасуының фазаларын, са-
тыларын дағдарысты мезеттерін қарастырып, даму сипаттамала-
рында талқылануына жағдай жасайды. Ол даму деңгейлерінің
арасындағы «тігінен» генетикалық байланыстарды орнатады.

    Құрылымдық әдіс тұлғаның барлық зерттелінетін сипаттама-
ларының арасындағы көлденең, құрылымды байланыс-тарды
жүзеге асырады.

    Кез келген психологиялық зерттеу бірнеше ортақ сатылардан
құралады. Біріншісі – дайындық сатысы. Алдын ала жинақталған
мәліметтердің негізінде қайсібір психологиялық заңдылықтар
жайында жорамал ұсынылады. Екінші саты – бұл әртүрлі
нақты әдістемелердің көмегімен көзделген міндеттің сипаты-
мен анықталатын мәліметтерді ұсынатын зерттеудің өзі. Үшінші
сатыда маңызды байланыстар мен заңдылықтарды анықтау
мүмкіндігін беретін зерттеу мәліметтерінің сандық және сапалық
талдауы жасалынады. Төртінші сатыда алынған мәліметтердің
психологиялық теорияның негізінде талқылануы мен алғашқы
жорамалдың дұрыстығын немесе бұрыстығын анықтау үшін
интерпретациялық әдістер қолданылады.

       Семинар және практикалық сабақтардың жоспары

    1. Даму психологиясының зерттеу объектісі.
    2. Онтогенез ұғымына түсінік.
    3. Даму парадокстары туралы пікірлерге сипаттама жасап,
кесте түрінде көрсету, мысалдармен толықтыру.
    4. Дамудың гетерохрондығы ұғымына түсінік беріп, мысал-
дармен дәлелдеу.
    5. Депривация және госпитализм ұғымдарына психологиялық
тұрғыда сипаттама.
    6. Дамудың негізгі сипаттамаларын түсінік беріп, кесте түрінде
көрсету.
    7. Дамудың психологиялық зерттеу әдістерін жіктеңіз.

                                     23

⇐ МАЗМҰНЫ
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28