Page 22 - index Bapaeva
P. 22

нақты белгілері бойынша салыстырылуына мүмкіндік береді.
«Көлденең қималар» әдістері деп аталатын салыстыру әдісі кез
келген функцияның жас ұлғайған сайын қандай өзгерістерге
ұшырайтынын анықтауға ықпал етеді (мәселен, нақты бір жас
шамасындағы балалардың статистикалық орташа жетілуін анықтау
немесе бесінші және тоғызыншы сыныптағы оқушылардың дене
күшінің, интеллектісінің, эмоцияларының көрсеткіштерін салыс-
тыру).

    Салыстыру әдісінің кемшілігі – «көлденең қималардың» даму
үдерісін бейнелеуінде.

    Даму психологиясында салыстыру әдісімен қатар лонгитюдті
әдіс немесе «бойлай қима» әдісі де қолданылады. Ол бір адамның
уақыттың біршама ұзақ мөлшерінде бірнеше рет зерттелуін бол-
жайды.

    Лонгитюдті әдістің құндылығы екі мәселенің түйінін шешу
мүмкіндігінде, яғни: психикалық эволюцияның болашағын болжау
және психикалық даму фазаларының арасындағы генетикалық
байланыстырдың жасалуы. Лонгитюдті әдіс «көлденең қиманың»
индивидтерді салыстыру кемшілігін түзейді. Алайда, бұл әдістің
қолданылуында зерттеудің теңбе-тең әдістемелерін іріктеуде
әртүрлі қиындықтар кездесіп отырады.

    Қазіргі кезде кешенді әдіс жиі қолданылуда: психологиялық
зерттеулер кешенді зерттейтін бағдарламаларды қамтиды. Оған
тек психологтар ғана емес, сонымен қатар басқа да ғылымдардың
өкілдері қатысады. Ол бағдарламалар ірі, тәжірибелі міндеттердің
шешімін табуда қолданылады. Кешенді зерттеуде әртүрлі тұрғылар
пайдаланылады. Осы тектес зерттеулер әртүрлі құбылыстар
арасындағы байланыстар мен тәуелділіктердің жасалуына
жағдай жасайды (мәселен, тұлғаның физикалық, физиологиялық,
психикалық, әлеуметтік дамуы).

    Әдістердің екінші ең ауқымды тобын ғылыми мәліметтерді
алудың эмпирикалық әдістері құрайды. Әдістердің бұл то-
бына бақылау және өзіндік бақылау; эксперимент және
психодинамикалық әдістері (тестер, анкеталар, сұрақнамалар,
социометрия, сұхбаттасу және әңгімелесу) іс-әрекеттің үдерістері
мен нәтижелерінің талдамасы, өмірбаяндық әдістер (адамның
өмір жолындағы оқиғалардың, құжаттардың талдамасы).

    Үшінші топты мәліметтерді өңдеу әдісі құрайды. Бұл әдістерге

                                     22

⇐ МАЗМҰНЫ
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27