Page 25 - index Bapaeva
P. 25

ІІ. БАЛАНЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ
 КҮШТЕРІ МӘСЕЛЕСІ ЖАЙЛЫ ФАКТОРЛЫ ТҰРҒЫЛАР

         2. Баланың онтогенезде психикалық дамуының
                               заңдылықтары

    Жоспары:
    2.1. Қазақ халқының бала дамуының жас кезеңдері туралы
ой-пайымдаулары
    2.2. Психикалық дамудың қозғаушы күштері туралы жал-
пы сипаттама
    2.3. Нативизм теориясы
    2.4. Эмпиризм теориялары. Баланың психикалық дамуының
қозғаушы күштерінің бихевиоризмде қарастырылуы
    2.5. Екі фактордың конвергенциясы жайлы теория

    2.1. Қазақ халқының бала дамуының жас кезеңдері туралы
ой-пайымдаулары

    Қазақ халқы өзі өмір сүрген заманының әлеуметтік-қоғамдық
жағдайларына, мәдениеті мен тарихына,тілі мен діліне, тіршілік
ортасына лайық жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берудің жазылмаған
ереже-талаптарын жүйелеп, қалыптастырған. Ежелден балаға
болашағым деп қарап, «Бақытыңды балаңнан ізде » деп ой түйген
ата-бабаларымыздың ой-пайымдаулары мен бағалы өсиеттерін
кейінгі ұрпақтың тәрбиесінде ұстаным ретінде пайдаланып,
оның жан-жақты дамыған тұлға ретінде қалыптасып, нағыз
азамат деңгейіне жету барысында орнымен қолданып отырса,
қазіргі таңда бала психикасындағы байқалып жатқан көптеген
олқылықтардың орны толар еді.

    Әр жастың, әр мүшелдің өзіне лайық мінез-құлқы, ойлау
жүйесі, өмірге деген өзіндік көзқарасы, мақсат-мүддесі болады.

    Халқымыз баланың әр жас кезеңіне сай оның ойы биіктеп,
білім көкжиегінің кеңейетінін де бағамдай білген. Осы орайда
балаға айтылатын ертегі, әңгіме, жұмбақ, жаңылытпаштарды жа-

                                     25

⇐ МАЗМҰНЫ
   20   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30