Page 26 - index Bapaeva
P. 26

сына лайықты біртіндеп күрделендіріп отырған. Балаға кешегінің
көзімен қарамай, бүгінгінің биігінен қарау идеясын ұстанған.
Әрине, ұлағаты мол, тағлымы терең, халықтық өнегенің тереңге
тартқан тамыры ғылыми даму психологиясының заңдылықтары
мен тұжырымдарының ілкі бастауы екені сөзсіз.

    Адамның әрбір жас кезеңіндегі тек сол жасқа ғана тән өзіндік
ерекшеліктерді ажыратып, талдай білген Құлекеұлы Шал ақынның
(1748-1819) ой-пайымдаулары даму психологиясымен астарласып
жатқаны анық байқалады. Мәселен, мына толғауында:

    Он бесте тартып міндім аттың жалын,
    Сол кезде айтқан сөзім от пен жалын.
    Құрдым мен он сегізде жігіт салтын,
    Байқамай еш нәрсенің алды-артын.
    Жиырмаға келген соң,
    Жын қуалап ақтадым.
    Жиырма беске келген соң,
    Жақсыларды жақтадым, –
деп жүз жасқа дейінгі кезеңге сипаттама береді (16-қосымша).
    Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888) «Келіппіз дүние деген кең
сарайға» деген өлеңінде алғашқы мүшел жасқа келу баланы өзін
азамат ретінде жауапкершілікті сезіну және т.б. қасиеттерді бойы-
на сіңіру жасы деп дәріптейді (16-қосымша).
    Әлемнің екінші ұстазы, ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби
еңбектерінде жас ерекшеліктеріне сай бала психикасының дамып,
жетілуі оның тіршілік қажеттілігінен туындап отыратындығын
ескертеді.
    Ұлы ақын Абай өзінің ұлағат пен тағлым туралы қырық бес
қара сөзінің жетінші және оныншы қара сөздерінде адамның
жас ерекшеліктеріне сай болмыс-бітімі туралы парасатты ойын
жүйелеген. Жетінші қара сөзінде:
    «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі –
ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар
болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат
таппайды. Біреуі – білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып,
жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін
татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса,
дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа
да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?»,

                                     26

⇐ МАЗМҰНЫ
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31