Page 235 - index Bapaeva
P. 235

4.7. Жасөспірімдік кезеңнің психикалық даму

    Жоспары:
    1. Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынастың психоло-
гиялық ерекшеліктері
    2. Жеке тұлғаның мінез-құлқы және дене бітімі
типтерінің байланысы
    3. Жасөспірім жастағы балалардың санасының даму
кезеңдері
    4. Жасөспірімдік кезеңдегі «мен – тұжырымдамасының»
даму ерекшелігі
    5. «Мен – тұжырымдамасы» және Э. Эриксонның тео-
риясы бойынша жеке тұлғаның өмір кезеңдері

    1. Жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынастың психоло-
гиялық ерекшеліктері

    Қарым-қатынас – адамдардың өзара әрекеттестік және өзара
қатынас жасауының ерекше формасы.

    Қарым-қатынасты зерттеу мәселесімен айналысушы
ғалымдардың көпшілігі (А. Г. Ковалев, М. И. Лисина, А. В. Пе-
тровский, К. Обуховский, В. С. Мухина, т.б.) адамдардың қарым-
қатынасты жүзеге асыруын қажетсіну, басқа адамды танып білуге
ұмтылу, ниет білдіру ерекшеліктері деп түсіндіреді.

    Н. Н. Авдеева, М. И. Лисина өз зерттеулерінде балалардың
қарым-қатынас барысында өзін-өзі танудың аффективті және
когнитивті жақтары қалыптасып, өзгеріп және барынша дамып
отыратындығын анықтайды.

    Мұндағы аффективтілік дегеніміз балалардың өз-өзіне
қатысын, іс-әрекетінің бағасын көрсетеді, ал когнитивтілік
жағы – өзі туралы түсініктерін қамтиды. Осы негізде балалар
өзін белгілі дәрежеде дұрыс, нақты бағалай алуға ие болады.
Балалардың осылайша өзіне баға беруі ата-ана, құрбыларының,
ересек адамдардың мейірімді қамқорлығы мен оң қарым-
қатынастарының ықпалының нәтижесінде қалыптасады.

                                    235

⇐ МАЗМҰНЫ
   230   231   232   233   234   235   236   237   238   239   240