Page 233 - index Bapaeva
P. 233

бірінші болсам, басқарсам деген ниеттерді, менменсіп, өзін-
өзі дәріптеуді, сөзімен күш көрсетіп, айламен, көзінше немесе
сыртынан, тікелей не жанамалап болсын жолдасының қадірін
түсіруді бірауыздан айыптайды. Мұндай қылықтар қақтығыстар,
жанжалдар туғызады. Жолдасының өзін-өзі сыйлауы, өз пікірі
болмауы, өзінің айтқанынан қайтпай жәбірлеушіге қарсыласа
алмауы да айыпталады. «Жағымпаздарды» мүлде жек көреді.
Жеткіншекте қалыптасатын этикалық мұраттың негізгі болатын,
осы айтылғандарға қарама-қарсы қасиеттер. Жолдастарының
қарым-қатынастағы қасиеттеріне осы тұрғыдан талап қояды.

    Жеткіншектердің жолдастық кодексінің моральдық-этикалық
мазмұнының, ересектердің осындай қарым-қатынасының
қағидаларымен үйлесуінің арқасында, құрбы-құрдастарымен
қарым-қатынас, жеткіншектің әлеуметтік-моральдық ересектігінің
айрықша мектебі болады. Бұл қарым-қатынас коллективтегі
ересектер моралының қағидаларына негізделген әлеуметтік
қарым-қатынастың жаңа әдістерін меңгеру практикасы. Осы
жолдастарымен қарым-қатынас практикасында бұл мораль ең
алдымен игеріледі. Құрдастарының ескертулері, наразылықтары
мен өкпелері, оны бұлардың себептері жайлы ойлантады, өзіне
назарын аудартады, өз кемшіліктерін көріп, білуіне көмектеседі.
Жеткіншек жаста қатынас үшін өте маңызды ерекшелік-
құрдастарының талаптарын бағдарлай, оларды есепке ала білу
дамиды. Бұл қарым-қатынас үшін қажет. Мұндай қасиеттің бол-
мауын есейген жеткіншектер инфантілдік деп бағалайды.

    Қарым-қатынастың жақсы болмауына өзін-өзі асыра бағалау
себеп болады. Сол себептен жеткіншек құрдастарының айтқан
сыны мен талаптарына мән береді. Қарым-қатынастың жақсы
болуына жолдастары бағалайтын қасиеттер жөнінен өзін-өзі
лайықты немесе өзін төмен бағалау қолайлы жағдай жасайды.

    Оқшау жүретін жеткіншектердің бойында жағымсыз
ерекшеліктер болуы мүмкін және оларға тән кемшілік, жақсы дос
болу қасиетінің жоқтығы.

    Жеткіншектер риза болып сыйлайтын басшы құрдастар,
іскерлік қарым-қатынаста ұқсас қасиеттері бар екенін көрсетеді:
олар екінші басшы құрдасына командирге бағына біледі, өз
міндеттерін үлгілі атқарады, ортақ табысқа жетуге жанын сала-
ды, басқалар үшін қиын не жағымсыз жұмысқа бірінші болып

                                    233

⇐ МАЗМҰНЫ
   228   229   230   231   232   233   234   235   236   237   238