Page 236 - index Bapaeva
P. 236

Солай бола тұрса да, жасөспірімдік жастағы бұл мәселе

психологиялық зерттеулердің сарқылмас бұлағы болып қала бер-

мек. (Р. Байярд, Л. И. Божович, Ф. Дальто, И. С. Кон, Д. Б. Элько-

нин, Э. Эриксон және т.б.).

Жаңа және кемелденген ескінің когнитивтік шеберлігінің

есебінде жасөспірімнің ойлау жемісі анағұрлым кең, ал ойлау

мазмұны – бай және күрделі. Бұл жеке өзінің дүниетанымын,

индивидуалдық жүйенің құндылығы және    «Мен –

тұжырымдамасын» саналы түрде құруына мүмкіншілік береді.

Егер жасөспірімдік жасты қатаң биологиялық тұрғыдан

қарайтын болсақ, онда ол мүмкін тән және жыныстық жетілу

кезеңі сияқты балада анықталған болар еді, өсу үдерісін тудыра-

тын оның организмінде маңызды өзгерістер пайда болады.

Қандай да бір биологиялық анықтауларда жасөспірімдік

жастың тәндік, жыныстық және физиологиялық өзгерістерінің

себебі мен салдары толық есептелінеді.

Биологиялық бағыттың аса ірі беделді өкілінің бірі,

жасөспірімдік жасты зерттеуші Дж. Стэнли Холл. АҚШ-тағы

алғашқы психология саласындағы философия докторы, Солтүстік

Америкадағы балаларды танып білудегі ғылыми мектептің негізін

салушы. Ол жасөспірім психологиясын танып білуді бірінші бо-

лып бастаған. С. Холлдың теориясымен келісе отырып, әр жеке

адам (индивид) өзінің даму үдерісі кезінде тиісті кезеңдерге сай

адамзаттың (эволюциялық) бірте-бірте дамуында этаптардан

өтеді.

С. Холл негізгі төрт этапқа бөлген: сәбілік (өмірінің 4 жас

аралығы), балалық шақ (5-7-ге дейінгі жас), жасөспірім дамуының

алдыңғы кезеңі (8-12 жас аралығы), жастық немесе пубертанттық

кезең (13-24 жас аралығы).

«Дауыл және шабуыл» кезеңі деп аталатын қарқынды өтпелі

дәуірді адамзат басынан өткізді, жасөспірімдік кезең С. Холлдың

теориясы бойынша осы уақытпен сәйкес келеді. Көптеген қазіргі

заман теоретиктерінен айырмашылығы С. Холл жасөспірімдік

кезеңді үлкен күйзеліс уақыты деп есептеді. Жаман эмоциялық

адаптация және ұшқалақтық, қызбалық көңіл-күйдің жиі ал-

масуы, шаттық және жабырқаулық, өзін-өзі сүюшілік және

сыпайылық, апатия сияқты қоршаған нәрсенің бәріне белсенді

қызығушылығының арасындағы құбылмалы құбылыстарды

көреміз.

                             236

⇐ МАЗМҰНЫ
   231   232   233   234   235   236   237   238   239   240   241