Page 237 - index Bapaeva
P. 237

А. Гезелл Иельск клиникасында адамның туғаннан, яғни
сәбилік жастан жастық шағына дейінгі аралықтағы дамуына бай-
ланысты жүргізген бақылау жұмысы автордың атын әйгілі етті.
Кейін А. Гезелдің жетекшілігімен баланың дамуы институтын-
да осы тәжірибенің негізі қаланды. Оның жасөспірімдер туралы
ең белгілі еңбектерінің бірі – «Жастық шақ: 10 жастан 16 жас
аралығы».

    А. Гезелді қызықтырған, жеке тұлғалық ерекшеліктер мен
даму үдерісінің индивид мінез-құлқы арқылы көрінуі. Бақылау
негізінде әртүрлі жастағы балалардың мінез-құлығы мен
қылықтарын бақылай отырып, ол жасөспірім дамуының этаптары
мен циклдерін бейнелейтін жалпы қорытынды жасады. Бұл жалпы
қорытындысында ол мінез-құлықтың хронологиялық жүйелілігін
көрсетіп, әр этап үшін қарапайым жағдай деп есептеді.

    А. Гезелдің теориясы, негізінен генетикалық және биология-
лық факторлар бірігіп, жетілу үдерісін басқарады деген
биологиялық бағыт пен жорамалдан тұрады. Жүйелілік мінез-
құлықтық белгі және даму тенденциясының пайда болуын ажыра-
тады. Осындай жағдайда қабілеттілік пен іскерлік арнайы үйрету
мен тәжірибеге еш тәуелсіз өз-өзінен пайда болады. Осы тәрізді
концепция белгілі бір биологиялық детерминизмнің, ата-аналар
мен мұғалімдердің баланың дамуына қалай да болса ықпал еткісі
келетін жағымсыз жақтарының бар екендігін жобалайды.

    Баланың жетілуі табиғи үдеріс деп қарастырылса да, кейбір
жағдайда баланы тәрбиелеуде көтерілетін көптеген проблема-
лар өз уақыты жеткенде шешімін табады деп болжам жасайды.
Бала қиындық және эмоциялық ауытқулар арқылы «өсуі керек»,
сондықтан тәртіпке шақыру үшін ата-аналарға эмоциялық әдісті
қолданбауды ұсынады.

    А. Гезелл индивидуалдық ерекшелікті ескере отырып, әрбір
сәби өте сирек генетикалық факторлармен немесе индивидуалдық
конституция және туғаннан жетілу жүйелілігімен дүниеге келеді
деген тезис қабылдады.

    З. Фрейд жастық шақ кездегі психологияны сонша терең
зерттемеді. Солай бола тұрса да, ол бала өмірінің алғашқы
жылдарында белгілі ықпал етеді деп есептеді. Бірақ ғалым
өзінің «Сексуалдық теорияның үш очеркі» деген еңбегінде
жасөспірім мәселесін қысқаша әңгіме етті. Ол сексуалдық қозу,

                                    237

⇐ МАЗМҰНЫ
   232   233   234   235   236   237   238   239   240   241   242