Page 231 - index Bapaeva
P. 231

және жеткіншектік жастың жетекшісі, құрдастарымен қарым-
қатынас жасау қажеттілігі. Батыл мінез-құлық дағдылары бар жас-
тар, күрделі коммуникациялық жағдаяттарға тез бейімделе алады,
арандатушы және жанына тиетін сөздерді дұрыс қабылдайды.
Адамдарды өзіне тарта біледі және басқа адамдарға қолдау жа-
сайтын қабілеті бар.

    Құрдастарымен принциптері тең дәрежеде болатындықтан,
қарым-қатынастың бұл саласы жеткіншек үшін ерекше;
мұндай жағдай жеткіншекте ересекпін деп сезінудің этикалық
мазмұнына сай келеді. Жеткіншектік жастың бастапқы кезінде
болатын дамудағы өзіндік ілгері басушылықтар нәтижесінде
жеткіншектерде жаңа қажетсінулер, ұмтылыстар, күйініш-
сүйініштер, ересектермен және жолдастарымен қарым-
қатынастарда қойылатын талаптар барынша ұқсас болады.
Жеткіншекте ересектерге қарағанда, құрдастарына неғұрлым
түсінікті әрі жақын құндылықтар қалыптасады.

    Жолдастарымен қарым-қатынас жеткіншек үшін ерекше
құнды. Бұл қарым-қатынастың маңыздылығы соншалық ата-ана-
сы, туған-туыстарымен қатынасының арасы алшақтай бастайды.
Жеткіншек үшін құрдастарымен қарым-қатынасы оның жеке
басының қарым-қатынастар сферасы болып сараланып, мұнда
ол дербес іс-әрекет етеді. Ол бұған құқылы екенін біліп, өзінің
құқығын қорғайды. Сол себептен де ересектердің бұл салаға ара-
ласуын жәбір санап, қарсы шығады.

    Жеткіншекте бір жағынан, құрдастарымен қарым-қатынас,
бірлесіп іс-әрекет жасауға ұмтылу, коллективте өмір сүргісі
келіп, жақын жолдас, дос табуға ұмтылу өте айқын көрінеді. Ал
екінші жағынан, құрдастарының арасында қабылданып, танылуға
олардың өзін сыйлауына ұмтылу одан кем түспейді. Бұл аса
маңызды қажеттілік болып табылады. Сыныптастарымен қарым-
қатынастағы қолайсыздықтар, досының болмауы, достарының
бұдан бас тартуы барынша күйзелтіп, баланың жеке басының
драмасы деп қабылданады. Жеткіншек үшін ең қолайсыз жағдай
– коллективтің, жолдастарының оны шындап кінәлауы, онымен
қарым-қатынас жасағысы келмеуі болады. Өзінің жалғыздығын
сезіну ауыр жағдай. Сыныптастарымен қарым-қатынасының
қолайсыздығы оны өз мектебінен басқа жерден дос іздеуге
итермелейді. Әдетте, өздеріне дос тапқанымен, бұлар жақсы бо-

                                    231

⇐ МАЗМҰНЫ
   226   227   228   229   230   231   232   233   234   235   236