Page 238 - index Bapaeva
P. 238

тынышсыздық кей кезде жеке тұлғалық ауытқулар сияқты пери-
одтармен сипатталады. З. Фрейдтің пікірі бойынша, жыныстық
жетілу кезеңінде кульминациялық өзгеріс сериясы болады дейді,
мұндай мақсат баланы соңғы формаға сексуалдық өмірге әкеледі,
бұл ересек адам үшін қарапайым жағдай.

    Хавигхерст жасөспірімдік шақта тиісті шешімін табатын
дамудың жеті басты міндетін атап көрсетті:

    1. Өзінің сыртқы келбеті мен іскерлігін қабылдай отырып, өз
денесін нәтижелі басқару;

    2. Жаңа қарым-қатынас пен біраз жетілген қарым-қатынастың
екі жыныстағы құрдастары арасында қалыптасуы;

    3. Еркектің немесе әйелдің социалды-сексуалдық рөлін
қабылдау;

    4. Ата-аналармен басқа да ересектерге тәуелсіз эмоционалды
жетістіктері;

    5. Экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін еңбек
әрекетіне дайындау;

    6. Неке және жанұя құруға дайындау;
    7. Әлеуметтік жауапкершілігі мен оны дамытуға деген тілек,
жігерінің пайда болуы.
    Курт Левиннің «Теория поля и эксперимент в социальной
психологии концепции и методы» деген еңбегінде жасөспірімнің
дамуына байланысты көзқарасы баяндалған. Өріс теориясында
индивидтердің белгілі бір жағдаяттағы мінез-құлқы сипатталып,
түсіндіріледі.
    Курт Левин теориясы бойынша мінез-құлық – тұлғалық
факторлардың және қоршаған орта қызметіне теңдестіріледі.
    Индивидтің мінез-құлқын түсіну үшін оның тұлғалық және
қоршаған жағдайын бір-бірімен тығыз байланыстағы фактор
ретінде қарастыру керек. Экологиялық және жеке тұлғалық
факторларының барлық жиынтығының өзара әрекеттері «өмір
кеңістігі» немесе «психологиялық кеңістігі» деп аталады.
Мінез-құлық өмір кеңістігі функциясы болып табылады. Себебі
материалдық-экологиялық, әлеуметтік және психологиялық фак-
торлар енеді. Яғни, олар мотив, мақсат, мұқтаждық сияқтылар.
Бұлардың әрқайсысы мінез-құлыққа ықпал етеді. К. Левиннің
өріс теория жиегінде биологиялық және экологиялық фактор-
лар мінез-құлықта интегралданады. Қайсысының маңызды рөл
атқаратынын ешқандай әрекетсіз анықтайды.

                                    238

⇐ МАЗМҰНЫ
   233   234   235   236   237   238   239   240   241   242   243