Page 232 - index Bapaeva
P. 232

лып шыға бермейді. Мұндай фактілердің күйінішті зардаптары
болатын жағдайлары көп кездеседі.

    Кішкентай жеткіншек – жеке басының қасиеттері жағынан
қоғамшыл. Балаларға өмір мен іс-әрекеттің коллективтік әдістері
ұнайды, олар қоғамдық жұмыстарға ұмтылып, жақсы көреді. Бұл
жұмыстар жеткіншектердің қарым-қатынасы үшін мазмұнды негіз
жасап, инициатива, белсенділік, дербестік білдіруге мүмкіндік
береді.

    Жеткіншектердің өзара және топтасқан қарым-қатынастары
көбіне, ересектермен қарым-қатынастарына тәуелсіз, ықпалда-
рына қарсы қалыптасады. Бұл қарым-қатынастардың өз мазмұны
мен даму логикасы болады. Жеткіншектердің коллективтегі ала-
тын орны мынадай қасиеттерге бөлінеді: досы мен жолдасының
қасиеттері, зеректігі мен білімділігі, батылдығы, өзін-өзі ұстай
білуі неғұрлым маңызды. Жеткіншектер тек танымал болып қана
қоймай, олардың ризашылығы мен құрметіне бөлену үшін ең алды-
мен жақсы жолдасы болу керек. Осыған байланысты жеткеншіктер
тобында бұрын танымал болған балалар арасында өзгерістер бо-
лады. Біріншіден, бұрынғы беделділері кетіп, олардың орнына
жаңалары шығады. Екіншіден, класс активінің неғұрлым сыйлы
әрі беделді жеткіншектер тобы болмауы жиі байқалады. Өйткені,
көптеген мұғалімдердің активті құрғанда олардың жолдастық
қасиеттерін ескермей, үлгерімі жақсы және тәртіпті балаларды
алатыны жиі кездеседі. Тағы бір себебі, мұғалімде басқарудың
авторитарлық деп аталатын стилінің сақталуы және актив-
те де кластастарымен қарым-қатынастың осындай әдістерінің
тәрбиеленуі. Жеткіншектер мұны қабылдамайды, өйткені ере-
сектер мен құрдастарының қатынастарынан адамшылық қадір-
қасиет пен жеке басты құрметтеуді талап етеді. Бұл олар үшін
негізгі талаптардың бірі, жолдастық кодексінің өзегі болып табы-
лады. Оның нормалары әртүрлі негіздерін; ересектерден, кітаптар
мен кинофильмдерден қабылданады.

    Жеткіншектердің жолдастық кодексінің ең маңызды нор-
малары – қадір-қасиетті сыйлау, теңдік, шын берілгендік, жол-
дасына көмектесу, адалдық. Жеткіншектердің ортасында өз
жолдасына, тобына қатысты іс-әрекеттері нормаға сай келетін
болса бағаланады. Сондықтан жеткіншектер жолдасына, тобы-
на «опасыздықты», уәде бұзуды, өзімшілдік пен сараңдықты,

                                    232

⇐ МАЗМҰНЫ
   227   228   229   230   231   232   233   234   235   236   237