Page 230 - index Bapaeva
P. 230

адамдарға үлкен сынмен қарайды. Сонымен қатар, мұғалімдердің,
адамдардың оларға қандай көзбен қарауы жасөспірімдерді өте
қобалжытады. Сол үшін олар өздері туралы кімнің не ойлайтынын
білу үшін дөрекі мінездер көрсетіп, өздері туралы мінездемелерді
адамдардан жинайды. (Поливанова К.Н., 2000).

    Сана сезімнің өсуі жасөспірімді өзінің сыртқы пішініне,
ішкі дүниесіне сын көзбен қарауды тудырады. Жасөспірім өзінің
жігерін дамытуға көп көңіл бөледі. Ол үлкендердің оның ақылын,
талабын бағалағанына өте сезімталдықпен қарайды. Бұл өсу
кезінде әсіресе, қыздар көріксіз болып кетеді. Сол себепті осы
жастағы жасөспірімдер өздеріне айтылған сындарды көтере ал-
мауы мүмкін. Айтылған сынға олар ожарлануы, қатты сөз ай-
туы немесе жылауы мүмкін, не қайғырып өзін өзгелерден кем
санап «ашылмай» ұялшақ болып қалуы мүмкін. Жасөспірімнің
эмоционалдық депрессияда болуының бір себебі олардың
эротикалық ойларының болуы. Ол өзінің ойларынан ұялып,
қысылса да еріксіз сол ойларға беріледі. Осы ойлардан көңілін
алып кете алмаған ол өзін дәрменсіз сезінеді. Жасөспірім өзінің
қайғыларын туған-туыстарынан мүлдем жасырады. Егер білдіріп
қойсам туғандарым қайғыруымның себебін сұрап мазамды алады
деп ойлайды. (Ермолаева М. В., 2000)

    Жеткіншектермен жұмыс жасағанда олардың сезімін оңай
білдіруіне, батыл контакт жасауына бағдар жасау өте маңызды,
кейбір психологтар мұны «өзін-өзі еркін сезіну» деп атайды. Өзін-
өзі еркін сезінуіне қарама-қарсылық жасау оның әрқашан ішкі
күйзелісіне, өз эмоцияларын білдірмеуге, қымсыну, сәтсіздіктерді
күтуіне ықпалын тигізеді.

    Өзін еркін сезіну өзінің психологиялық сәттіліктері тура-
лы ойлауын, құрдастарының іс-әрекеті мен сөздеріне көңіл
бөлмеуіне адекватты шеберлігін, олардың мінез-құлқындағы
кейбір тұстарын айту, партнеріне өз сезімін жеткізе білу және
оған өзіңіздің уайымыңызды түсінуіне шанс беру туралы болжам
жасайды. Басқа адамның іс-әрекетін білгіңіз келсе, оның жанын
түсініп, қайғысын сезінуіңіз керек және сол жағдаятқа өзіңізді қоя
білуіңіз керек. Басқаша айтқанда, өзге адамның мінез-құлқын ал-
дын ала болжау, мүмкін оның рөлін түсіну жолымен ғана жетуге
болады.

    Батыл мінез-құлық мәселесі жасөспірім үшін өте маңызды

                                    230

⇐ МАЗМҰНЫ
   225   226   227   228   229   230   231   232   233   234   235