Page 240 - index Bapaeva
P. 240

Әртүрлі бағыттың теория өкілдері жасөспірімдік жасты,
стрестер кезеңі және психологиялық қиындықтар түрінде
қарастырады. Психосексуалды даму, эмоциялық ауытқулар,
басты конфликтілер, статустың белгісіздік және тұрақсыздығы
жасөспірімнің әлеуметтік құндылықтарына басқалардан көбірек
себепші болады. Дене құрылымында болатын өзгерістер, ата-ана
және құрдастарымен қарым-қатынасы, когнитивтік мүмкіншілік
сферасы және қоғамға қатынасы тұтасып, жасөспірімнің өзін-өзі
жан-жақты ойлауының біртұтас үдерісімен бірігеді. Бұл барлық
өзгерістер салыстырмалы қысқа мерзім ішінде болса да, оны
қоршаған басқа адамдарға және жасөспірімге өзінің күрделі про-
блемаларын алып келеді.

    «Мен» бейнесінің тұрақсыздығы болып дене бейнесінің дұрыс
қалыптасуының салдары, оның тұрақсыздығы жасөспірім сана-
сында. Дене бейнесі – өз денеміздің біздің миымызда бейнеленуі,
яғни өзіміздің тұлғамызды елестетуіміз.

    Дене бейнесінің өзінің «Меніне» баға беруден тұрады.
Болашақ психологиялық құбылыс ретінде дене бейнесі
физиологиялық және социологиялық жоспарын өзіне енгізеді.

    Дене бейнесінің құрылымына әсер ететін күрделі
психологиялық факторлардың ұштасуы келесі жағдаймен көрініс
табады. Ересек жасөспірімдерде қалай оларды қоршаған орта
қабылдайды деген тақырып ойландыра бастайды. Жасөспірім
үшін алғашқы шешуші мәселе ол өз-өзін танып, шым-шытырман
білім саласынан өзіне лайықты білімді жинау. Дәл осы кезеңде
жасөспірім интеллектісі мынадай даму деңгейіне жетеді, яғни
қоршаған әлемнің көмескі жақтары және өзінің қандай болу
керектігі туралы ойлануына мүмкіндік береді. Жаңа танымдық
қабілетін өз бойынан кездестіре отырып, жасөспірім ұқсастық
жөніндегі біртұтас болжамын жетілдіреді. Жасөспірімнің
эмоционалдық реакциясы болып жатқан өзгерістермен бірге,
дене бітіміндегі өзгерістері, оның өмірінде аз рөл атқармайды.
Жасөспірімдер өзінің сыртқы келбетіне көп көңіл бөліп, соған күш
жұмсай бас-тайды: өзіндік сұлулығы, дене бітімі, салмағы сияқты
сұрақтар көбірек алаңдатады. Дұрыс дамып, қалыптасып келе ме,
олар осы жағдайды мұқият қадағалап отырады. Жасөспірімнің
өзін-өзі дұрыс бағалай білуі, құрдастарының қабылдауы және
олардың арасындағы беделі көбіне сыртқы келбеті мен тұлғасының

                                    240

⇐ МАЗМҰНЫ
   235   236   237   238   239   240   241   242   243   244   245