Page 241 - index Bapaeva
P. 241

сұлулығына байланысты. Бұлар жасөспірімдердің қарым-
қатынастарындағы ең маңызды компененттердің бірі. Адамның
сыртқы келбеті оның жеке тұлғалық дамуына, әлеуметтік байла-
ныс және әлеуметтік мінез-құлқына әсер етеді. Сыртқы келбеті
сұлу жасөспірімдер өзін қоршаған адамдардан өзіне жағымды
қарым-қатынасты туғызады: оларды мейірімді, ақылды, табысқа
қолы жететін, кішіпейіл адамдар деп қабылдайды. Осындай
дифференциалданған қарым-қатынастар мынадай себептердің
тууына ықпал етеді. Сүйкімді жасөспірімдердің өз-өзіне беретін
бағасы өте жоғары және дұрыс жеке тұлғалық сапалары болады.
Мұндай жасөспірімдер қоғамға тез бейімделеді, жеке тұлғалар
арасында қарым-қатынас жасауды кең көлемде дағдыға айнал-
дырады. Ғылыми жұмыстардың бірінде ұл балалардың, сол
сияқты қыздарда да сыртқы сұлулық пен өзін-өзі бағалауы ара-
сында өте тығыз байланыс бар екендігі айқындалды. Басқа зерт-
теулер мынадай көрсеткіштерді анықтады, жалпы пікір бойын-
ша: сыртқы келбеті тартымды жасөспірімдердің тартымсыз деп
саналатын жасөспірімдерге қарағанда, олардың ата-аналарымен,
құрдастарымен қарым-қатынастары өте жақсы.

    Дәстүрлі мәдени ортасы болып есептелетін сыртқы келбеті
және тұлғасы жасөспірімге терең әсер етеді. Ережеге сай, қыздар
мен ұл балалар өздерінің дене бітімінің орташа қалыпта болғанын
қалайды.

    Әйел адамдар өздерінің фигурасына көп көңіл бөледі, олардың
толық, не тым арық болуы өзін-өзі жоғары бағалауына кері ықпал
етеді. Әртүрлі мәдениеттерде әрбір әйелдердің негізгі тілегі дене
бітімінің сұлу да, сұңғақ болуына байланысты идеяны берік ұстанып
алған. Қыз балаларда да болатын мұндай сезімдер жиі анорек-
сия мен булимияға түрткі болады. Егер қыз балалардың сыртқы
тұлғасы сымбатты болмаса, ұл балалар оларға көңіл бөлмейді
және олармен кездескенді де қаламауы мүмкін деген көзқарас бар.
Жасөспірімдер мұндай әлеуметтік шеттетулерді өте ауыр басынан
өткізеді. Өзін-өзі бағалау және өзіне қанағаттанарлық көзқараспен
қарау көптеген жағдайда өзінің сыртқы келбетін дұрыс қабылдап,
мойындау және риза болу. Зерттеу еңбектері жасөспірім қыздарда
жағымсыз «Мен» бейнесі мен депрессия арасында өте тығыз бай-
ланыс бар екендігін көрсетеді. Сондай-ақ осындай зерттеулер
жасөспірімдердің сыртқы келбетіне байланысты мазасызданудың

                                    241

⇐ МАЗМҰНЫ
   236   237   238   239   240   241   242   243   244   245   246