Page 242 - index Bapaeva
P. 242

түпнегізі, балалық шақта және ерте жас кезінде алған жағымсыз
әлеуметтік тәжірибелерде жатыр деп жорамал жасайды.

    Өзінің сыртқы келбетіне балалық кезде пайда болған
қанағаттанбауы, жасөспірім кезінде өз кескініне риза болмауының
бірден-бір себебі.

    Л. С. Выготский жазғандай, «өтпелі кезеңге» тән өзінің
бірқатар ерекшеліктері бар. Олар сыртқы ортадан алатын
зақымдармен қоса, осы жасқа дейін жасырын жатқан әр адамға
бейім ішкі шиеленісулер. Баланың ересек жасқа келгенде болатын
физиологиялық және жыныстық өзгерістеріне шолу жасауымыз
керек.

    Осы кезеңдегі қыз балалардың организмінің дамуы және
биологиялық өзгерістері, осы жастағы ұлдар мен қыздарда бо-
латын даму жылдамдығы әртүрлі. Орташа есеппен қыздарда ке-
нет бойының өзгеруі және басқа да биологиялық өзгерістер, осы
айтылған периодта ұл балаларға қарағанда, екі жыл ерте бола-
тын құбылыстар. Бірақ бір жынысты өкілдер арасында өте үлкен
индивидуалдық өсу өзгерістері сақталады.

    Кеш есейіп келе жатқан ұл мен қыз өз құрдастарының жа-
нында кіші жастағы балалардай болып көрінуі мүмкін, керісінше
де, осы хронологиялық жастағы ұл мен қыз балалардың сыртқы
бейнесі өсіп жетілген ересек адамның кейпіне ұқсас келеді.

    Бала есейіп келе жатқанда оның денесінде бірқатар
физиологиялық өзгерістер болады. Сол өзгерістердің бірі дененің
бала қалпынан үлкен адамның денесіне айналуы. Бұл өзгерістер
жас бала үшін шұғыл және күтпеген жерден болады. Соның
салдарынан жасөспірімдерге жаңа образға жылдам бейімделіп,
дағдылануына тура келеді.

    Дененің өсу үдерісі ішкі дүниемен гармонияда бола бермейді.
Жыныстық өсу көбінесе дененің дамуынан артта қалады, сол
себептен, осы жасты жиі жетілудің диспропорция кезеңі деп
атайды. Осының бәрі жеке бастың жаңа жағдайға бейімделуін
қиындататын психологиялық кедергілерге, қиындықтарға әкеліп
соғады. Осы қалыптасқан жағдайды түсініп, танып білу үшін
жасөспірім өзін-өзі зерттейді.

    Жасөспірім өзінің денесіндегі болып жатқан өзгерістерді
үнемі бағалап отырады. Оның денесі дұрыс қалыптасып келе ме,
размері қандай? Епті ме, әлде икемсіз бе? Идеалға сәйкес келе

                                    242

⇐ МАЗМҰНЫ
   237   238   239   240   241   242   243   244   245   246   247