Page 243 - index Bapaeva
P. 243

ме? Жасөспірімдер өздерінің өзгеріп келе жатқан сыртқы пішінін
бақылап отырып, қайғы және қуаныш сезімдеріне бөленеді: олар
өздеріндегі өзгерістерге қызыға, сұқтана және үрейлене қарайды.

    Олар таңдана ұяла, өз-өздеріне сенбей, өздерін барлық
уақытта өзгелермен салыстырып, өздерінің «Мен – бейнесін»
қайта-қайта қарап, талқылап отырады. Жасөспірімдер өздерінің
сырт пішініне өте сезімтал келеді, олар сағат бойы өз денелеріне
айна алдында қарап, теледидардағы, газет-журналдағы идеалдар-
мен өздерінің толық жетілмеген сырт пішінін салыстырып отыра-
ды. Осы жағдайлар жасөспірімдердің үрейленуіне, өзіне сенбеуіне
әкеліп соғады.

                                                                         13-кесте
   Жасөспірімдік кезеңдегі жыныстық өзгерістердің сипаттамасы

Қыз балаларда болатын                   Ұл балаларда болатын
         өзгерістер                             өзгерістер

Омыраудың дамуы, шапта,            Ұма мен жұмыртқаның өсуі,
қолтықта жүннің өсуі, бойдың       шапта, қолтықта және бетте
өсуі, менархе (етеккірдің келуі),  жүннің өсуі, бойдың өсуі, дауыс
май бездері мен тер бездерінің     ырғағының өзгеруі, бірінші
активтенуі                         эякуляция, май бездері мен тер
                                   бездерінің активтенуі

    Жасөспірім сана сезімінің ең маңыздысы оның физикалық
«Мен» бейнесі болып табылады, оның өзінің сырт пішіні туралы

ойы, өзін нағыз «еркек пен нағыз әйел» эталонымен салыстыруы.
Күнделікті өмірде «Мен концепциясы» қыздарда сырт пішінінің
тартымдылығымен, ал ұл балаларда әр адамға тек өзіне лайық
өзіндік қасиетімен дамып отырады.

    Бой, салмақ және сырт пішіні қорқудың ең басты себептері

болып табылады да, осы көрсеткіштер жастардың өз-өзіне көңілі
толмай, өзін-өзі қабылдамауына әкеліп соғады. Өзін-өзі қабылдау
ең басты өзінің денесін қабылдаудан, өзінің физикалық «Менін»
қабылдаудан басталады. Өзін-өзі қабылдауы, жасөспірімнің өзін-
өзі сыйлауына, қойған армандарына жетуіне, өмірдің қай сала-

сында болса да табыстарға жетуіне себепкер болады.
    Жасөспірім өзінің көңіл-күйінің неден құбылмалы болаты-

нын түсінбейді. Сондықтан ол ішінен соны түсінуге ұмтылады.
Физикалық өсіп жетілуде болатын әртүрлі ерекшеліктер,

                                   243

⇐ МАЗМҰНЫ
   238   239   240   241   242   243   244   245   246   247   248