Page 317 - index Bapaeva
P. 317

– әлеуметтік-мәдени әлем (мамандық, әлеуметтік топтың
мүшесі болу, отбасы, мансап, әлеуметтік рөлдер);

    – Менді өлшеу (мотивтерді, қақтығыстарды, меңгеру амал-
дарын, іскерліктерді, сезімдерді және т.б. қамтитын саналы және
ығыстырылған психологиялық мазмұн);

    – белсенділік түрі және әлеуметтік өзара әрекеттесуге қатысу.
    Өмірлік құрылымда жүзеге асырылған «арман» оның шы-
найы жүзеге асырылуынан асатындықтан, Д. Левинсон бойын-
ша 30 жастағы дағдарыс – «өмірлік қорытындыларды жасау»
дағдарысы осы алшақтықты анықтайды.
    Жоғары және қалыпты стреске ұласатын 30 жастағы дағдарыс
өмірді әлі кеш болмайынша өзгерту ұмтылысын анықтайды. Осы
жас шамасында мамандықты ауыстыру, ажырасу, дүниетанымы
мен өмірлік фәлсафаны өзгерту ұмтылыстарымен айшықталады.
30 жастағы дағдарыс аяқталған соң, өмірлік мақсаттарды көздеу
және жүзеге асыру кезеңі қалыптасады. Тұлға бір жағынан
өзіне, отбасына, қызметіне, қоғамға, достық қатынастарға,
өзінің тұлғалық өсуіне үлес қосуды көздесе, екінші жағынан
– жетістіктерінде, мансабында, артықшылықтарында тәуелсіз
болуға тырысады.
    Орта жас дағдарысы (40-45 жас аралығы) жастық шақтың
аяқталуымен және өмір сағаттарының тілдері қозғалысын ау-
ыстырумен сипатталады. Егер дағдарысқа дейін өмір туғаннан
есептелінсе, дағдарыстан кейін өмір кері есептің негізінде жүзеге
асырылады.
    Зейнеткерлікке шыққаннан кейін егде адамдарда, өмір
салтының өзгеруі мен еңбек іс-әрекетінің тоқтауы кезінде
қоршаған ортамен байланысты, әрекеттілікті және өмірге
қызығушылықты барынша сақтау үшін жаңа құндылықтарды,
рөлдерді, дағдыларды меңгеру қажеттілігі пайда болады.

    3. Егде жастағылармен психологиялық алдын алу
жұмысын жүргізудің сатылары

    Психологиялық алдын алу жұмысы екі сатыда
ұйымдастырылуы мүмкін:

    I. Зейнеткерлікке шығуға дайындық.

                                    317

⇐ МАЗМҰНЫ
   312   313   314   315   316   317   318   319   320   321   322