Page 315 - index Bapaeva
P. 315

жетекші болса, ересектікке тұлғаның даралану үдерістері басым
болады (К. Г. Юнг). Оның шығармашылық белсенділігі, фило-
софиямен, өнермен, рухани тәжірибемен және т.б. айналысуы іс-
әрекеттің негізі болып табылады.

    Жас ерекшеліктерінің қалыпты дағдарысын мойындау
– ересек жастарды кезеңдерге жіктеудің келесі мәселесі бо-
лып табылады. Қалыпты дағдарыстар тұрақты кезеңдер сияқты
әлеуметтік-тарихи, мәдени табиғатқа ие. Дағдарыс тұлғаның
жеке таңдау еркіндігі жағдайларында өзін-өзі жетілдіру жо-
лына түсу қажеттігі пайда болғанда ғана орын алады. Адамның
кез келген таңдауды жүзеге асыруы бір уақытта өзін-өзі шек-
теу және жеке басының жауапкершілігін қабылдауы. Бұдан
«өміріне көз жүгіртіп, қорытындылаудың» құнды-мағыналы
дағдарыстар ретінде тұлға дамуының қалыпты дағдарысының
қажеттігі туындайды. Л. И. Анцыферова тұлғаның әлеуметтік
даму ырғақтарының тездеуінен өмірде алға қойылған міндеттерді
шешуде мамандану деңгейінің сәйкес келмеуін сезінуі ересек
жастағылар дағдарысының себебі деп есептейді. Автордың ойын-
ша дағдарыстан шығу жолы тұлғаның үздіксіз білім алуы мен
өзін-өзі жетілдіруінде.

    Ересектік кезеңдегі дағдарыстарды балалық шақтағы
дағдарыстардан ерекшеліктерінің бірқатар белгілері бар.
Біріншіден, олар жас ұлғайған сайын психикалық даму ырғағының
төмендеуінен сирек кездеседі. Екіншіден, олар балалық шақтағы
дағдарыстарсияқты айқын түрде хронологиялық жасқа байланыс-
ты бола бермейді. Дәл осы жағдай ересектіктегі дағдарыстардың
кезедесу-кездеспеуі жөніндегі қызу пікірталастардың себебіне
айналды. Үшіншіден, балалық шақтағы дағдарысқа қарағанда
сыртқы бақылаудан жасырын ішкі жоспарда саналы жүреді. Жас
ерекшеліктерін жіктеу үлігілерінде ересектіктегі дағдарыстар де-
ген атауға ие болды.

    Р. Хевигхерст жастық шақтың дамуына қажетті төмендегідей
міндеттерді көрсетеді:

    1) некелесетін серігін іздеу және отбасын құру;
    2) отбасы жүйесін қалыптастыру (жанұядағы құндылықтарды
құру, жанұяның рөлдік құрылысын қалыптастыру);
    3) ата-аналық қызметтерді және балалар тәрбиесін жүзеге
асыра бастау;

                                    315

⇐ МАЗМҰНЫ
   310   311   312   313   314   315   316   317   318   319   320