Page 318 - index Bapaeva
P. 318

II. Егде адамдармен зейнетке шыққаннан кейінгі кезеңдегі
жұмыс.

    Әрбір сатының өз мақсаттары мен жүзеге асыру тәсілдері бар:
    І саты. Дайындық сатысы зейнеткерлікке шығардан біраз
бұрын басталады.
    Мақсаты: егде адамдарды өмірінің осы маңызды кезеңін тән
саулығы мен психологиялық денсаулығын сақтай отырып, ешбір
зардапсыз өтуі үшін зейнеткерлікке шығуға дайындау.
    Бұл сатының психологиялық мәні, ең алдымен, адам өмірінің
мәртебесі мен өмір сүру салтының шарасыз өзгеру үдерісімен шы-
найы өмірде кездескенге дейін, ақыл-ойында өткереді, сондықтан
оған үйрену, бейімделу және стресс жағдаяттарын болдырмау бо-
лып табылады.
    Психологиялық жұмыстың негізгі түрлері:
    1. Психологиялық ағарту
    Жұмыстың бұл түрі арнайы еңбектер (кітапшалар,
нұсқаулықтар) бойынша жаппай оқытудан тұрады. Мұндай
әдебиеттерде егде жас ерекшеліктері туралы, жасы ұлғайған
адам зейнеткерлікке шығу кезінде басынан өткеретін негізгі
қиындықтар туралы ақпарат ұсынылуы мүмкін.
    Жұмыстың бұл түрі барынша қолайлы, алайда жекелей
қарастыру мүмкіндігінің болмауы, оның тиімділігін төмендетеді.
    2. Кеңес беру
    Зейнеткерлікке шығуға дайындықтың түрлі мәселелері
жөнінде дербес кеңес беруді үйымдастыру. Материалды ұсынудың
жеке тәсілі мен ауызша формасы осы әдістің негізгі жетістігі
болып табылады. Кеңес беру үдерісінде егде адамдардың
зейнеткерліктегі өмір салты туралы түсінігін кеңейту мүмкіндігі
пайда болады, сонымен қатар зейнеткерлікке бейімделу үдерісін
қиындатуы мүмкін, түрлі психологиялық проблемаларды шешуде
көмек болады.
    3. Топтық жұмыс
    Арнайы құрастырылған ережелер бойынша дайындық топта-
рын құру.
    Топтарды іріктеу мен қалыптастыру зейнеткерлікке шығуға
жағымсыз көзқарасымен сипатталатын егде адамдар қатарынан
жүргізуге болады.
    Дайындық топтарын құру қағидалары:

                                    318

⇐ МАЗМҰНЫ
   313   314   315   316   317   318   319   320   321   322   323