Page 320 - index Bapaeva
P. 320

– бейімделу деңгейі төмен адамдар, өз өмірлеріндегі
жағдайлардың көбі, бір оқиғаның немесе басқа адам-
дар әрекетінің нәтижесі деп пайымдайтын болғандықтан,
интерналдық бақылауды қалыптастыру бойынша жұмыс жа-
сау қажет. Егде адамдар өз өмірлеріндегі жағдайлар үшін
жауапкершілікті өздеріне қабылдап, көп нәрсе өздеріне байла-
нысты екенін түсінгені аса маңызды. Бұл деңгейде топтық жұмыс
тиімді болуы ықтимал.

    – кейбір егде адамдарда еңбек іс-әрекетінің аяқталуымен
қоғамға қажетсіз болу сезімі пайда болып, алдағы өмірге
үмітсіздік сезімі пайда болатындықтан, жұмыс істемейтін
зейнеткерлердің әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында
жұмыс жүргізу керек. Ұтымды бейімделумен қолы бос уақытын
және демалысын дұрыс пайдалану зейнеткерлік кезеңге әлеуметтік
бейімделудің едәуір жарамды факторы болып табылады.

    Зейнеткерлікке шығуымен адамда көп бос уақыты пайда бо-
лып, оған қолайлы әсер ететін болады. Бос уақытын қызықты
өткізу егде адамда қанағаттану сезімін оятуы мүмкін, сондықтан
ұтымды өмір салтының алғышарттары ретінде тұлғаның
әлеуметтік жан-жақты әрекет етуі үшін шынайы мүмкіндіктер
ұсыну қажет және уақытты енжар өткізу, егде адамның ерте
қартайып, психологиялық денсаулығына кері әсер ететіндіктен,
мынадай қажеттіліктер туындайды:

    1) Зейнеткерлік кезеңді өмірдің белсенді сатысы ретінде
қоғамдық пікір қалыптастыру.

    2) Егде адамдарды өздерінің дербес бейімділігіне,
қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкес, пайдалы және
маңызды әрекеттерді жан-жақты іздестіруге бағыттау.

    Осы ретте, егде адамның іс-әрекет түрін өзінің ішкі
қызығушылықтарына сәйкес, таңдау мүмкіндігінің болуы
маңызды. Мұндайда қызығушылықтары бойынша (тоқыма, түрлі
заттар жасау, өнерді зерттеу және т.б.) үйірмелер мен курстарды
ұйымдастыруға болады. Клубтық жұмысты ұйымдастыруда егде
жастың тағы да бір мәселесі – өзара әрекет ету, қарым-қатынас
жасау үдерісі жолға қойылады.

    Бейімделу деңгейі төмен егде адамдарда басқа адамдар-
мен қарым-қатынас жасау мәселесі орын алады. Олар қарым-
қатынаспен қанағаттанбайды және көп нәрселер өздерінің
бақылау өрісінен тысқары қалады деп есептейді.

                                    320

⇐ МАЗМҰНЫ
   315   316   317   318   319   320   321   322   323   324   325