Page 312 - index Bapaeva
P. 312

өте тығыз болады: олар бір аудиторияда дәрістерге қатысады,
кейбіреулері бір ғимаратта (жатақханада) тұрады, қоғамдық іс-
шараларға қатысады.

    Студент құрдастарының арасында тұлға ретінде өзін-өзі
дәлелдеуге тырысады, құрдастарымен араласу қажеттілігі басым
болады. Құрдастарымен қарым-қатынаста бағалау және серіктесін
бағалау қажеттілігі үйлесімді қанағаттандырылады. Бұдан
құрдастарының қарым-қатынастағы серіктесі ретіндегі теңдігі
студенттерде қоршаған әлем туралы адекватты түсініктерінің
қалыптасуының алғышарты ретінде қызмет ететінін түйіндеуге
болады.

    Студенттер тек өздерінің құрдастарымен ғана емес, сонымен
қатар төменгі және жоғарғы курстағы студенттермен де арала-
сады. Олардың өзара әрекеттестігі негізінен қарым-қатынаста,
қайсыбір ортақ іс-шараға, мысалы, университеттің іс-шараларына
(студенттің көктем, бірінші курс студенттерін студенттер қатарына
қосу, спорттық іс-шаралар және т.б.) қатысуда көрініс береді.
Олардың дербестілікке деген ұмтылыстарына қарамастан, олар
жоғарғы курстағы студенттердің көмегі мен өмірлік тәжірибесіне
мұқтаж болады. Олар үшін жоғарғы курс студенттері универ-
ситетте үлкен өмірлік тәжірибені жинақтауға қолдау болады.
Олар жоғарғы курс студенттерінен көбінде қайсыбір пәнді қалай
тапсыруға болатынын, олардың әдебиетін пайдалана тұруды
сұрайды, олармен ақылдасады, сондай-ақ қайсыбір мәселені ше-
шуде жай көмек сұрайды.

    Төменгі курстармен өзара әрекеттестікте олар университетте
оқыған кезеңдегі тәжірибесімен алмасады. Төменгі курстармен
алғашқы таныстық олардың алғашқы рет студент мәртебесіне ие
болу мерекесінде орын алады, кейінірек белсенді студенттер өзге
де университеттік іс-шараларда танысады. Жоғарғы курстағылар
өздерін анағұрлым ашық-жарқын ұстап, төменгі курстағылармен
қуана-қуана араласып жатады.

    Әлеуметтену барысында студенттің іс-әрекет «катало-
гы» кеңейеді, яғни олар іс-әрекеттің барған сайын жаңа
түрлерін меңгере бастайды. Жастық жас шамасындағы балалар
қатынастардың жаңа жүйесіне, мектептегі достарымен, ересек-
термен қарым-қатынасқа түседі. Жасөспірімнің отбасындағы,
сондай-ақ күнделікті өмірдегі құрдастарының арасындағы орны
өзгеріске түседі.

                                    312

⇐ МАЗМҰНЫ
   307   308   309   310   311   312   313   314   315   316   317