Page 316 - index Bapaeva
P. 316

4) отбасы үшін жауапкершілікті қабылдау;
    5) кәсіби мансаптың дамуы;
    6) әлеуметтік қатынастардың дамуы және азаматтық
жауапкершілікті сезіну.
    Р. Гоулд дамудың міндеттеріне ата-анадан тәуелсіздікке ие
болып, өзін-өзі зерттеуді, ал Г. Шихи теңдестірудің ары қарай да-
муын қосады.
    Ересектіктің даму міндеттері:
    1) балаларға көмектесу;
    2) әлеуметтік және азаматтық міндеттерді орындау;
    3) кәсіби міндеттерді қанағаттанарлық орындау;
    4) дем алу мен бос уақытты өткізу түрлерінің дамуы;
    5) физиологиялық өзгерістерді қабылдап, оларға бейімделу;
    6) қартайып келе жатқан ата-аналарға бейімделу (Р. Хевиг-
херст);
    7) өмір арасындағы дағдарысты күйзелу;
    8) Мен тұжырымдамасының қайта құрылуы.

    2. Ересектік жас шамасындағы дағдарыстар

    Ересектік жас шамасындағы нормативтік дағдарыстар
төмендегіше жіктеледі:

    – «ерте ересектікке аяқ басу» дағдарысы (17-22 жас шамасы);
    – 30 жастағы дағдарыс;
    – орта жас дағдарысы (40-45 жас аралығы);
    – 50-55 жас шамасындағы дағдарыс;
    белсенді кәсіби іс-әрекетті тоқтату және зейнеткерлікке шығу
дағдарысы (65 жас шамасы).
    Д. Левинсон, «ерте ересектікке аяқ басу» дағдарысын (17-
22 жас шамасы) сипаттай отырып, аталмыш жас шамасының
негізгі екі міндетін атап көрсетеді – ата-анасынан сепарация
және ересектер қоғамында өз орнын іздеу. Сепарация үдерісі
ата-анасының үйінен кету, қаржылық тәуелділіктің азаюы, жаңа
әлеуметтік рөлдерді қабылдау, соның есебінен адамның неғұрлым
автономды және жауапты болуы. Басты міндеті тұлғаның
өмірлік құрылымының базалық моделін анықтайтын «арманды»
құрастыру. Ол негізгі үш өлшемді қамтиды:

                                    316

⇐ МАЗМҰНЫ
   311   312   313   314   315   316   317   318   319   320   321