Page 314 - index Bapaeva
P. 314

4.9. Ересек жас шамасы

    Жоспары:
    1. Есею белгілері және ересектік жас шамасын кезеңдерге
бөлу мәселесі
    2. Ересектік жас шамасындағы дағдарыстар
    3. Егде жастағылармен психологиялық алдын алу
жұмысын жүргізудің сатылары

    1. Есею белгілері

    Ересектік өмір циклінің ең ұзақ әрі едәуір аз зерттелген фа-
засы. Ересек адамды әлі есеймеген адамнан ажыратуға мүмкіндік
беретін белгілердің анықталуы біршама қиындықтарды ту-
дырады. Ересектіктің табиғаты әлеуметтік-тарихи және
тікелей хронологиялық жаспен анықталмайды. Тұлғаның
жауапкершілікті, қисынды шешімдерді қабылдай алуы, басқа
адамдарға жанашырлық танытуы, фрустрациясын жеңіп,
әлеуметтік рөлді алып жүруі психологиялық есеюінің белгілері бо-
лып табылады. Психологиялық тұрғыдан есею: өзін-өзі жетілдіру
қабілетімен (А. Маслоу) еңбекке, оқуға, жанұяға, саясатқа, дінге
және мәнді белсенділіктің басқа да түрлеріне енудің негізінде Мен
сезімінің кеңеюі; басқаларды эмоциялы қабылдауымен; эмоциялы
қауіпсіздік шешімімен; ақиқатты және өз-өзін тұлға ретінде бара-
бар қабылдауымен; өмірлік философиясымен (Г. Оллпорт) сипат-
талады.

    Ересектік жас шамасын кезеңдерге бөлу мәселесі
    Ересектік кезеңі ерте ересектікті (жастық шақ), орта
ересектікті, кеш ересектікті (қартаю, қарттық және ұзақ өмір
сүру) қамтиды. Хронологиялық, биологиялық, әлеуметтік және
психологиялық жастыжіктеуқажеттігінескереотырып,ересектікті
анықтаудың белгілері мен оны кезеңдерге бөлу мәселесі туын-
дайды. Адам ересек жасқа келгенде оның психикалық дамуының
сипаты – әлеуметтік-мәдени тәжірибені меңгеру формасындағы
дамудан, мәдениетті және өзін-өзі қалыптастыру формасындағы
дамуға дейін өзгереді. Егер балалық шақта әлеуметтену үдерісі

                                    314

⇐ МАЗМҰНЫ
   309   310   311   312   313   314   315   316   317   318   319