Page 321 - index Bapaeva
P. 321

Олар жақындарының қолдауын қажет ететініне, олардан
қамқорлықты күтетініне қарамастан, басқа адамдарды қабылдау
деңгейі төмен, олар басқаларды жағымсыз кейіпте қабылдайды.
Өздерінің әлеуметтік керексіздігіне деген сенімділігі мен
басқаларға қатысты бейтараптылығы, қарым-қатынас орнатуға
кедергі болады.

    Әңгімелесу кезінде олар қарым-қатынастағы серігіне аз
қызығушылық білдіретіндіктен, жағымсыз әсерлер қалдырады.
Сондықтан қарым-қатынас үдерісін оңтайландыру үшін жағдай
жасаудың маңызы зор.

    Сонымен, бейімделе алмайтын егде адамдармен
психологиялық жұмыс, белсенді әлеуметтік рөлді атқаруды
ынталандыруға, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа және
жағымды өзіндік сана, психологиялық байсалдылықты қолдауға
бағытталуы қажет.

    2. Егде адамдардың туыстарымен жұмыс істеу
    Жұмыстың бұл түрі кеңес беру формасында ұйымдастырылуы
мүмкін. Әлеуметтік қолдау жасы ұлғайған адамдардың өздерін
құзырлы екенін сезінуіне мүмкіндік беретіні туралы, олардың
туыстарына түсіндіру маңызды. Өздеріне деген қамқорлықты,
жағымды бағалануын, құрметтелуін сезінетіндей етіп егде
адамдарға жағымды сезімдерді білдіру қажет. Бұл қарттық жаста
бейімделуге ықпал ететін маңызды фактор болып табылады.
    Осылайша, егде жасқа бейімделе алмаудың алдын алу бо-
йынша жұмыс, психологиялық денсаулықты нығайтуға, егде жас-
та пайда болатын проблемаларға ұтымды катынастың болуына
бағытталған психологтармен сабақтар өткізуден тұрады.

      Семинар және практикалық сабақтардың жоспары

    1. Ересектік жастың классификациясына акмеологиялық
көзқарас.

    2. Ересектік кезендегі танымдық эмоционалдық және
мотивациялық сипаттамалар.

    3. Интеллектуалды даму және әлеуметтенуің психологиялық
мәселелері

           321

⇐ МАЗМҰНЫ
   316   317   318   319   320   321   322   323   324   325   326