Page 319 - index Bapaeva
P. 319

– Өндірістік, яғни зейнеткерлік кезеңіне дайындық фир-
малар мен кәсіпорындарда жүзеге асырылады. Құрудың осы
қағидасы іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және
топ мүшелерінің бір-бірімен танысуымен байланысты оқытудың
бірінші сатысын жеңілдетеді. Дегенмен, оның әлсіз тұстары да
бар, яғни егде адамдарға қарым-қатынас ортасын кеңейтуге, жаңа
әлеуметтік байланыстар орнатуына мүмкіндік болмайды.

    – Аймақтық қағида (тұрғылықты мекен-жайын ескеретін).
    Бұл қағиданың негізгі жетістігі – бір-біріне жақын жерде
тұратын адамдар арасында ұдайы байланысты қолдау мүмкіндігі.
Дайындық топтарын қалыптастыру осы қағидалардың кез
келгені бойынша жүргізілуі мүмкін. Топтардың ерекшеліктеріне
байланысты, жұмыс бағдарламасының мазмұны да әртүрлі
болады. Бұлар – коммуникативтік тренингтері, креативтілік,
сенситивтілік, өз-өзіне сенімділік тренингтері. Жұмыстың
мұндай формалары бейімделу үдерісіне жағымды әсер ететін,
болашақ зейнеткерлердің ұжымда бірігуінің алғышарттарын жа-
сайды.
    II саты
    Егде адамдармен зейнеткерлікке аяқ басу кезеңіндегі жұмыс.
    Мақсаты: егде адамдардың зейнеткерлік кезеңге бейімделу
үшін психологиялық шарттарды құру.
    Жұмыстың негізгі бағыттары:
    1. Зейнеткерлікке бейімделе алмаған егде адамдармен жұмыс
істеу.
    2. Егде адамдардың туыстарымен жұмыс істеу.
    1. Зейнеткерлікке бейімделе алмаған егде адамдармен жұмыс
істеу
    Бейімделе алмаған егде адамдармен өзара әрекет ету
үдерісі жеке және топтық формада ұйымдастырылуы мүмкін.
Жұмыс бағдарламасын құруда егде адамдардың зейнеткерлікке
шыққаннан кейін жемісті бейімделуді қамтамасыз ететін, жеке
тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды. Осы ерекшеліктерді
талдау негізінде жұмыстың келесі тараптарын бөлуге болады:
    – зейнеткерлікке бейімделу деңгейі төмен егде адамдар
өзін-өзі бағалаудың төменгі деңгейімен сипатталып, көбінесе,
өздеріне көңілі толмайтындықтан, өзін-өзі барабар бағалауды
қалыптастыру бойынша жұмыс жасау.

                                    319

⇐ МАЗМҰНЫ
   314   315   316   317   318   319   320   321   322   323   324