Page 323 - index Bapaeva
P. 323

4.10 Қарттық кезеңнің психологиялық ерекшеліктері

    Жоспары:
    1. Қарттық кезеңнің жалпы сипаттамасы. Дамудың
әлеуметтік жағдайы және жетекші іс-әрекет
    2. Геронтология – қарттар мен егде жастағы адамдардың
психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін зерттейтін са-
ласы.
    3. Кәріліктің әлеуметтік-психологиялық типтері

    1. Қарттықтың жалпы сипаттамасы. Дамудың
әлеуметтік жағдайы және жетекші іс-әрекет

    Адамның қартаюы – адамзатты ежелден мазалап келе жатқан
жұмбақ. Философтар ғасырлар бойы қартаюдың себептерін
талқыласа, көптеген діндер кәрілікке киелі маңыз берген. Алай-
да қартаю үдерісінің биологиясы әлі күнге дейін толық зерттел-
ген жоқ, тіпті адамның қартаю шапшаңдығын тежеудің әдістері
де табылмай келеді. Ғалымдардың толассыз зерттеулеріне
қарамастан, адамзат кәрілікті жеңудің ауылынан әлі тым алыста.

    Қартаю – басқа да тірі ағзалардың табиғи қартаюы сияқты
биологиялық үдеріс. Сол үдерістің салдарынан адам денесіндегі
барлық органдар мен жүйелер жұмысы біртіндеп әлсірейді.
Жасы келген адамның денесіндегі физиологиялық өзгерістер,
ең алдымен биологиялық қызметтердің бәсеңдеуіне әкеп соғып,
метаболикалық стрестерге қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Мұндай келеңсіз өзгерістер әдетте адамның психологиялық және
мінез-құлық пен жүріс-тұрыс ырғағының құбылуына себеп бола-
ды. Қартаюдың биологиялық аспектілеріне кәріліктен туындай-
тын өзгерістер ғана емес, жалпы денсаулықтың нашарлауы да
жатады.

    Қазіргі кезде геронтогенездің бөлінуі қартаю мен кәрілік кезеңі,
бүтін комплекстік әлеуметтік-экономикалық, биологиялық және
психологиялық себептермен байланысты, сондықтан жоғарғы
онтогенез кезеңдерін түрлі ғылым салалары қарастырады.
Мәселен, биологиялық, нейрофизиологиялық, демографиялық,
психологиялық және т.б.

                                    323

⇐ МАЗМҰНЫ
   318   319   320   321   322   323   324   325   326   327   328