Page 342 - index Bapaeva
P. 342

Аталмыш жас шамасы қарттықтың толыққанды әрі жан-
жақты қамтыған, аяқталған сипаттамасын беруге болмайтынымен
ерекше. Геронтологтардың пікірінше, қарттық бірінші кезекте
күрделі биологиялық өзгерістерімен ерекшеленетін биологиялық
феномен болып табылады.

    Қарттық жас шамасындағы өзгерістер организм биологиялық
деңгейде неғұрлым осал болып, дүниеден өту қаупі артып,
әлеуметтік деңгейде – адам зейнеткерлікке шығып, әлеуметтік
мәртебесі, әлеуметтік рөлдері, мінез-құлық паттерндері өзгеріске
ұшырайтын, психологиялық тұрғыда адам орын алған өзгерістерді
ұғынып, оларға икемделетін кезең.

    И. В. Давыдовский қарттықты «табиғатында ығыстырылған
(қысылған) өмір» ретінде қарастырған. Қарттық жас шамасындағы
«қысылу» ауру, сырқаттан емес, физиологиялық күйден туындай-
ды. Аурудың және қарттықтың әлеуметтік және физиологиялық
күйлердің қатарындағы ресми ортақтастық бұл ұғымдарды
теңдестірмейді. Қарттық бұл – жас ерекшелік инволюцияның
нәтижесі, белгісі. Аурудың жасқа еш қатысы жоқ. Қарттықтан
қашып құтылуға болмайды; аурудан да бас сауғалауға болмайды,
оның орын алуы ықтималды, жиі кездейсоқ туындауы мүмкін.
Қарттық қайтарымсыз әрі алған бетінен қайтпай күшейе береді,
ал аурудың бетін қайтаруға болады.

    Қарттықта дамудың әлеуметтік жағдайы
    Қартықты даму жасы ретінде, оның адамның өмірлік
кезеңіндегі бірегей орны туралы пікір білдіру үшін, қарттықты
жүйелі талдау үшін Л. С. Выготскийдің жас жайлы ілімінің
тұрғысында қарастыруға болады. Л. С. Выготскийдің жас
құрылымының басты компонентінің мәнін ашу үшін енгізген
«дамудың әлеуметтік жағдайы» ұғымы адамның қоғамдық
қатынастар жүйесіндегі орны ретінде талқыланады. А. Н. Леон-
тьев жетекші іс-әрекетті іс-әрекеттің өзге түрлері дифференцияла-
натын, жеке психикалық үдерістер қалыптасып, қайта жасалатын
және тұлға дамитын іс-әрекет ретінде қарастырған Сірә, дамудың
әлеуметтік жағдайы және жетекші іс-әрекет ұғымдары авторлар-
мен балалық шақ үшін анықталғаны белгілі; алайда қарттық жас
шамасының талдамасы олардың тұтастай өмір циклін талдау үшін
маңызды екендігін көрсетті.

                                    342

⇐ МАЗМҰНЫ
   337   338   339   340   341   342   343   344   345   346   347