Page 91 - index Bapaeva
P. 91

бала үшін белгі біріккен іс-әрекет шарттарының бірі ғана болып
табылады.

    Интериоризация үдерісінің екінші кезеңінде бала белгіге
бағдарлана бастайды. Мәселен, ересек баланы киіндіргенде
«Қолыңды бер», «Аяғыңды бер» деп айтса, бала аяғын созғанда,
ересек мейіріммен: «Жоқ, мен қолыңды бер деп айттым» деп тіл
қатады. Бала еріксіз белгінің мәніне назар аудара бастайды. Со-
нымен, бала алдымен белгіге, кейін оның мәніне назар аударады.

    Келесі кезеңде бала ересектің мінез-құлқын реттеу үшін
белгіні оның өзіне бағыттайды. Бала белгіні ересектің назарын
аудару үшін және оның мінез-құлқына ықпал ету мақсатында
белсенді қолдана бастағанда, жоғары психикалық қызметтер
құрылымының оның өзінің мінез-құлқында объективтелгенімен,
олар әлі интериоризацияланған жоқ. Мәселен, бала болмайтын
нәрсені алайын дегенде сіз: «Тиіспе!» деп бар түр-әлпетіңізбен ол
затты алуға болмайтынын көрсетесіз. Ол тілдік белгінің мәніне
бағдарланып, бағынады. Қайсыбір мезетте ол сіз бір істі орын-
дап жатқанда: саусағын шошайтып: «Тиіспе!» деп, өзіңізге «ақыл
айтады». Бұл бала белгіні серіктесінің мінез-құлқын реттеу үшін
қолданғанымен, бірақ өзінің мінез-құлқын реттей алмайтын
өтпелі кезең болып табылады.

    Жоғары психикалық қызметтер құрылымының қалыптасуы-
ның келесі кезеңінде бала белгіні өзінің мінез-құлқын реттеу үшін
қолдана бастайды. Мәселен, балаға ойыншығын жинау сұралғанда,
ол тапсырманы орындайды. Ата-анасы баланы: «Жарайсың!» деп
мақтайды. Келесі жолы ол ойыншықтарын жинағысы келмегенде,
өз-өзіне қолдау көрсетіп:

    «Жина! Жина» деп демеп қояды. Осы тұста жоғары
психикалық қызметтер баланың іс-әрекетінде жай объективтелініп
қана қоймай, психологиялық жаңа құрылымға айналады: белгі
баланың мінез-құлқын реттеуші қызметін атқарып, жанамалана-
ды, саналылық қасиетіне ие болады.

    Л. С. Выготский жоғары психикалық қызметтер дамуының екі
жолын көрсетеді (11-сызба). Біріншісі – психикалық қызметтердің
интериоризациялануы болса, екіншісі – мәндердің дамуы.

           91

⇐ МАЗМҰНЫ
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96