Page 93 - index Bapaeva
P. 93

өзгерісінен құралады. Ол: синкреттер (кездейсоқ объективті
белгілері бойынша жалпылау); кешендер (объективті деректі,
бірақ мағынасыз белгілер бойынша жалпылау); ұғымдар
(маңызды объективті белгілер бойынша жалпылау) атты үш
кезеңнен құралады.

    5. Оқыту мен тәрбиенің арақатынасы

    Оқыту мен тәрбиенің арақатынасы Л. С. Выготский үшін
негізгі мәселе болды. Ол оқыту мен тәрбиенің арақатынасы ту-
ралы мәселені шешуге әрекеттенген тұрғыларды сын тұрғысынан
қарастырады; даму үшін оқытудың жетекші рөлі туралы тұрғыны
теория жүзінде негіздейді; «жақын даму аймағы» ұғымын енгізіп,
оны айқындау процедурасын құрастырады; дамытпалы оқытуға
қойылатын талаптарды құрастырады.

    Л. С. Выготский оқыту мен тәрбиенің арақатынасы тура-
лы мәселенің шешімінің негізгі үш тұғырды атап көрсетеді.
Бірінші тұғыр (нативизм, жетілу теориялары, В. Штерн, Ж. Пиа-
же) дамудың оқытудан тәуелсіздігін баяндайды. Екінші тұғыр
(бихевиоризм, үйрету теориялары) даму үйретудің әрбір ады-
мы дамудың бір адымына тең деп тұжырымдайтын үйретумен
теңдестіріледі. Үшінші тұғыр (К. Коффка) белгілі бір дәрежеде
оқытудың дамуға ықпалын мойындаған. Коффка дамудың
жетілу және оқыту ретінде екі түрі бар деп есептеген. Кез келген
оқыту жалпы және ерекше ықпал етеді. Ерекше ықпал білімдер,
дағдылар, іскерліктер болса, жалпы ықпалдың негізінде біз жаңа
міндеттерді шешуде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, болашақта
оқытуға едәуір қабілетті бола аламыз. Коффка бойынша ағза
қайсыбір міндетті меңгергенде, ол бұрында шешімін таба алмаған
басқа да міндеттерді жүзеге асыруға қабілетті болады.

    Л. С. Выготский жоғары психикалық қызметтердің шығу
тегі мен табиғаты туралы ілімді негізге ала отыра, оқытуды
дамудың қозғаушы күші ретінде қарастырады. Оқыту жоғары
психикалық қызметтердің үлгілерін ұсынады. Зерттеуші үшін
дамудың көрсеткіші – табиғи психикалық қызметтерден жоғары
психикалық қызметтерге көшуде анықталады. Оқытудың дамудың
алдында жүретіндігі, оқыту арқылы санаға жоғары психикалық

                                     93

⇐ МАЗМҰНЫ
   88   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98