Page 94 - index Bapaeva
P. 94

қызметтердің енгізілуіне байланысты. Алайда кез келген оқыту
жетекші бола бермейді. «Дамуды жетелейтін оқыту» баланың
жақын даму аймағында жүзеге асырылып, ғылыми ұғымдардың
жүйесі оның мазмұнына айналуы тиіс. Л. С. Выготский баланың
психикалық дамуының деңгейін тест арқылы айқындауға
қарсылығын білдіре отырып, онда баланың қол жеткізген
деңгейін ғана емес, сонымен қатар дамудың болашағын білдіретін
деңгейді де ескеру қажет деп есептеген. Жақын даму аймағы – бұл
баланың дербес іс-әрекетінде анықталатын даму деңгейі (оның
өзекті дамуының деңгейі) мен ересекпен ынтымақтастықта
қол жеткізетін және жақын болашақта өзекті деңгейге ұласатын
деңгейдің (оның әлеуетті дамуының деңгейі) арасындағы
айырмашылық. Осылайша, жақын даму аймағы ұғымында ересек-
пен қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың рөлі, яғни оқытудың
рөлі көрсетілген. Жақын даму аймағы ұғымының дамудың жақын
болашағына негіздемелі болжам жасауға, диагностикалық және
түзетуші міндеттерді шешуге мүмкіндік беруі оның тәжірибелік
мәнін арттырады. Жақын даму аймағының көлемі, яғни
баланың дербес іс-әрекетінде дамуының деңгейі мен ересекпен
ынтымақтастықтағы даму деңгейінің арасындағы айырмашылық
екі шартқа:

    «Жетіліп келе жатқан қабілеттерге», яғни психологиялық
қабілеттердің ішкі қисынына және баланың ересекпен біріккен
іс-әрекетке және ынтымақтастықтың нақты түрлеріне ену
мүмкіндіктеріне байланысты болады; өзекті дамудың деңгейі
белгілі дәрежеде ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін шектейді.

    Ересекпен ұсынылатын өзара әрекеттестіктің мазмұны мен
тәсілдеріне, біріккен іс-әрекет пен ынтымақтастық түрлеріне бай-
ланысты болады.

    Ғылыми ұғымдардың жүйесі дамытпалы ұғымдардың
мазмұнын құрайды. Ғылыми ұғымдар қоғамдық-тарихи
тәжірибені пайдаланып, жалпылаудың құрылымын енгізеді.
Сондықтан баланың санасын өңдейтін ұғымдардың меңгерілуіне
бағдарланған оқыту ғана тиімді болады.

           94

⇐ МАЗМҰНЫ
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99