Page 90 - index Bapaeva
P. 90

Жоғары және табиғи психикалық қызметтердің шығу тегінің
әртектілігі олардың маңызды айырмашылығы болып табылады.
Табиғи психикалық қызметтерге қарағанда, жоғары психикалық
қызметтер олардың дамуы туралы заңда анықталған дамудың
ерекше жолын өтеді.

    Жоғары психикалық қызметтердің дамуы туралы заң сананың
шығу тегін анықтайды. Л. С. Выготский бойынша, кез келген
жоғары психикалық қызмет алғашында ұжымдық, әлеуметтік
іс-әрекет, интрапсихикалық қызмет ретінде; екінші рет, жеке-
дара әрекет, бала ойлауының ішкі тәсілі және интрапсихикалық
қызмет ретінде екі рет айқындалады. Баланың ересекпен
ынтымақтастығы, жалпы қарым-қатынас жоғары психикалық
қызметтердің қалыптасуының негізін құрайды. Іс-әрекеттің
психикалық формалары алғаш рет ерекше үлгіде адамдардың
арасындағы қатынастарды туындап, өзара әрекеттестік үдерісін
ұйымдастырудың арнайы құралдарын қолданумен сипатталады.

    Психикалық қызметтер адамға тумысынан берілмейді,өздігінен
туындамайды, тек адамдардың арасындағы ынтымақтастық
пен қарым-қатынастың ерекше жағдайында ғана орын алады.
Нәтижесінде олар психикалық құрылымдарға айналады. Интери-
оризация үдерісін қарапайым мысал арқылы түсіндіруге болады.
Бала психикасы дамуының бастапқы мезеті – нәрестелік шақта
кез келген жағдаят ересекке тәуелді болады. Баланың барлық
қажеттіліктері ересек арқылы және оның бала белсенділігінің кез
келген түріне енуі арқылы қанағаттандырылады. Қарым-қатынас
үдерісінде ересек адам ол үдеріскке қатыстырылатын заттардың
мәніне икемделіп-еніп, сөйлеу тілін қолданады. Осылайша, бала
дамуының бастапқыда әлеуметтік жағдаяты – бұл объективті
түрде жоғары психикалық қызметтер орын алатын жағдаят бо-
лып табылады. Баланың қауқарсыздығынан оның белсенділігінің
барлық түрлері ересекпен жанамаланады. Жоғары психикалық
қызметтер қалыптасуының бастапқы кезеңінде объективті түрде
ынтымақтастықта белгі кездескенімен, субъективті түрде бала
үшін олардың еш мәні болмайды. Ересекпен ынтымақтастық
болмаған жағдайда белгі мен мән бала үшін жасырын болып
қала берер еді. Сонымен, алғашында белгі объективті түрде
ынтымақтастықтың құрылымында кездеседі, ересек үшін
баланың іс-әрекетін ұйымдастыру құралы ретінде анықталады, ал

                                     90

⇐ МАЗМҰНЫ
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95